КИНО ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Кино түсіру қаншама еңбекті, тәжірибені, қаражатты талап етеді. Кино, негізінен, 4 салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі, мультипликациялық және ғылыми-көпшілік болып. Кино тарихына көз жүгіртетін болсақ, ең алғашқы көркем фильм – 1895 жылы жарыққа шыққан ағайынды Люмьерлердің«Пойыздың келуі»атты фильмі. Ол жанды фотография түрінде пайда болып, кешікпей көркем фильм болып жарыққа шыққан. Тұңғыш фильмдерде баяндалатын оқиға таспаға ірі бөлшектермен түсіріліп, бір-бірімен астына жазылған мәтіндер арқылы ғана жалғасты. Ал қазіргі таңда, кино түсірем деушілерге мүмкіндік көп. Әрине, ондай мүмкіндікті пайдаланып кино түсіргенімен, көп қателіктерге жол беріп қойуда, дегенмен бұл менің жеке пікірім.
Әлемдегі теңдесі жоқ марапаттардың бірі «Оскар»сыйлығы. Айтулы«Оскар» сыйлығы 1929 жылдан бастап беріліп келеді. Оны алғаш иеленген «Жетінші аспан», «Көшенің періштесі»,«Күннің батуы», «Оның елі» сынды фильмдер.
Әр адамға өзіне ұнайтын фильм жанырлары болады. Мәселен: драма, комедия, детектив сияқты. Маған тарихи кинолар қатты ұнайды. Көрсем өте керемет әсер алып, қайта-қайта көргім келіп тұрады. Тарихи кинолардың ішінен«Томирис» киносын алатын болсақ, Ақан Сатаев бастаған шығармашылық топ,өте керемет жұмыс жасады. Кино көрерменге ұсыныла сала, тамашалаған көрерменнің көңілінен бірден жол тапты.
Сейтжапбар Уахит Ғаниұлы,
Шымкент қаласы, 11-сынып оқушысы.

Related posts

Dünya e-Basın Konseyi Birliği (DEBK) 3. Olağan Kongresi yoğun katılımla gerçekleşti

ttjk

Фаиг Бабанлы: Охотник должен обладать сильным предчувствием и энергией

ttjk

V TÜRK FİLMLERİ HAFTASI

Назия Жоямергенқызы