Үкімет 12 жастан қылмыстық жауапқа тарту ұсынысын мақұлдамады

Қазақстанда қылмыстық жауапқа тарту жасы төмендетілмейді. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында мәлімдеді.

Бұған дейін Мәжілістің бір топ депутаты балаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жасын 14 жастан 12 жасқа дейін төмендетуді ұсынған. Алайда Үкімет бұл ұсынысты қолдаған жоқ.

«Жауапкершілікті 12 жастан бекіту балаларды қорғау мен тәрбиелеуге қатысты құқықтық және гуманистік көзқарастарға қайшы келеді. Себебі бұл жаста балалар өз әрекетінің қоғамға қаншалықты қауіп төндіретінін толық түсінбейді», дейді Олжас Бектенов.

Осы орайда премьер әлемдік тәжірибені мысалға келтірген. Оның айтуынша, Германия, Жапония, Ресей, Финляндия және Ұлыбритания елдерінде қылмыстық жауапкершілік 14-15 жастан басталады.

Related posts

Полковниктің ұлы 10 жылға сотталды

editor

Алимент төлеуден жалтарып жүрген 326 борышкер құмар ойындарға 800 млн теңгеден аса ақша салған

editor

Бас есепші бюджеттен 117 миллион теңге жымқырған

editor