КИЕЛІ МЕКЕН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Жетісуда «Киелі мекен» апталығы аясында экологиялық шаралар жалғасын тапты.

Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің оқытушылары, білімгерлері және  Ілиястанушылар биыл 130 жылдық мерейтойы тойланатын ақынның ескерткішін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, аумағын тазартты. Шара аясында жастар табиғат аясында ақынның өлеңдерін оқыды. Дәл осындай тағылымды эко-шара Мұхамеджан Тынышпаевтың 145 жылдығы, Әбілхан Қастеевтің 120 жылдығына орай да ұйымдастырылды.

Жалпы облыс бойынша 30 астамескерткішке тазарту, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, оған 5000 астам адам қатысты. Оның ішінде, Орталық, Жеңіс және Ардагерлер саябағында өткен тазалық жұмыстарына Ауған соғысы, Чернобыль және еңбек ардагерлері мұрындық болды. Сонымен қатар, Кербұлақ ауданында орналасқан Ш.Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемориалды музейінде жас табиғат сақшыларының қатысуымен музей аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, соңы жас ұрпақты тарихи мұралармен таныстыруға арналған экскурсиямен жалғасын тапты.

Облыс аумағында жалпы 1155 тарих және мәдениет ескерткіштері бар. Осы аптада 70 тазалық шарасы жоспарланған: облыстың әдеби ұйым мүшелерінің қатысуымен облыс аумағындағы ақын-жазушылардыңескерткіштеріне, мектептің кадет сыныптарының оқушылары «Даңқ» аллеясы, «ҰОС ардагерлеріне» арналған ескерткіштергетазалық шарасын жүргізеді. Одан бөлек, облыс орталығында биыл отбасын құратын 30 жұп көшет отырғызып, «Жас отбасылар» аллеясы ашылады. Талдықорған қаласының, Қызылтас саяжайы маңында «Талдықорған – петроглифтер елінің астанасы» атты қайырымдылық экофестивалі өтеді. Экофестиваль аясында аумаққа тазарту жұмыстары жүргізіліп, жас ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Аталмыш тазалық шаралары облыстың әр аудан, қаласында  жалғасын таппақ.

Related posts

ТҮРКІ БІРЛІГІ: экономикалық ынтымақтастық

Назия Жоямергенқызы

ÇATALHÖYÜK INTRODUCES STATE-OF-THE-ART VISITOR CENTRE

Назия Жоямергенқызы

Мемлекет басшысы Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглді қабылдады

editor