ӘКЕМ – АСҚАР ТАУЫМ

Әке – кез келген баланың тірегі, өмір жолына бағыт-бағдар беретін шамшырақ. «Әке көрген оқ жонар» деп бекер айтылмаған. Отбасында әке тәрбиесін көңілге тоқып өскен бала өмір сынағына оңай төтеп бере алады. Менің әкем — адал әрі мейірімді жан. Біздің білмегенімізді үйретіп, білгенімен бөліседі. Ақыл айтады. Үлкендерді сыйлауды, кішілерге қамқор болуды үнемі құлағыма құйып отырады.
Әкемнің арманы – балалары сабақты жақсы оқып, қалаған мамандықты меңгерту. Мен өскенде журналист болғым келеді. Әкем де: «Журналист болған жақсы, шет мемлекеттерді аралайсың, ел мен жер көресің. Түрлі адамдармен араласасың, білім көкжиегің кеңейеді», — дейді.
Менің әкем – кәсіпкер. Өзінің шағын бизнесі бар. Бірақ ол бала кезінде футболист болғысы келген. Қазір де болғысы келеді. Қашан болатынын білмеймін.
Біздің отбасымыз өте тату. Бұл анам мен әкемнің арқасында деп білемін. Екеуі ұрыспайды, әкем анама үнемі жылы сөйлейді. Бізге де.
Мен әкемді жақсы көрем және мақтан тұтамын. Асқар тауым әрқашан аман болсын деймін.

Нұрбақ Өмірзақұлы, Мұхтар Әуезов атындағы №128 мектептің 6 «В» сынып оқушысы

Related posts

FameLab Kazakhstan жеңімпаздары

ttjk

Қонаевта 5000 әскери дауыс берді

ttjk

Атажұрттан — Анадолыға

ttjk