Кәсіпкерлер қайтарымсыз грант қаржысын мақсатсыз жұмсаған

Атырау облысында қайтарымсыз грант қаржысын мақсатсыз жұмсаған 21 кәсіпкер грант қаржысын бюджетке қайтарады.

Атырау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Сәттіғұл Сабыровтың мәліметінше, мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грант түрі көп. Кәсіп бастау үшін бизнес жоба ұсынғандарға мемлекеттен қайтарымсыз грант қаржысы «Даму» қоры арқылы беріліп келеді. Мұндай қаржы ұсынылған жобаларды іске асыруға жұмсалуға тиіс. Алайда мониторинг қорытындысымен ұсынылған бизнес жобалар іске асырылмаған, грант қаржысын қолма-қол жұмсау дерегі анықталып отыр.

«Қайтарымсыз грант қаржыны көзделген мақсатқа пайдалану талабы орындалмай отыр. Сол себептен 21 кәсіпкерлік субьектісінен грант қаржысын бюджетке қайтару үшін сотқа талап қою арызы жолданған еді. Осы кезге дейін 13 кәсіпкерге қатысты сот шешімі шықты. Сот шешіміне сәйкес 13 кәсіпкер 20 млн теңгеге жуық қаржыны бюджетке қайтаруы қажет», дейді С. Сабыров.

 

Related posts

Қарулы күштерде Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқудан поэзиялық челлендж басталды

Қазақстандық бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның өлімі: қылмыстың ықтимал себебі аталды

Назия Жоямергенқызы

34 млн теңгені жымқырған үш бухгалтерге сот үкімі шықты

editor