.
Бүгін Астана қаласында “Барыс аренада” өткен кәсіпқой бокс кеші қазақ боксының жаңа жұлдызын танытты. 19 жасар Төрехан Сабырхан өзінің кәсіби рингтегі алғашқы қадамын жасап, чехиялық боксшы Йиржи Хаукеге қарсы жартылай орта салмақтағы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Ол қарсыласын 3-раундта нокаутпен жеңіп, көпшілікке өз мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Кәсіби бокстағы дебюті бұл қазақстандық боксшы үшін тарихи сәт болды.
“Жекпе-жек оңай болған жоқ. Бұл тек бастамасы ғана, алда талай қиындықтар мен мықты қарсыластар бар. Бірақ біз бәрін жеңеміз! Жанкүйерлерге көп рақмет!”
— деп Төрехан Сабырхан өз пікірін білдірді жекпе-жектен соң.
Айта кету керек, 18 жасында Төрехан Сабырхан Қазақстан бокс тарихында алғаш рет төрт дүркін Азия чемпионы атанған болатын.
Сабырханның бокс әлеміндегі жетістіктері тек өзімен шектелмейді. Оның туған ағасы Махмуд Сабырхан – бокстан әлем чемпионы. Ағасының жеңістері мен тәжірибесі Төреханға үлкен әсер етіп, оның боксты таңдауға деген құштарлығын арттырды.
Ескере кететін жайт, бүгінгі жекпе-жекте ағайынды Сабырхандар бірге бақ сынасып жатыр. Жеңісті күндеріміз көп болсын!
Зере Сейсенқызы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы Компьютерлік технологиялар кафедрасы Медиажурналистика факультетінің 2-курс студенті.