КҮРДТЕР РЕСЕЙДЕН КӨМЕК СҰРАДЫ

Кеше Анкарада болған жарылыстың салдарынан 37 адам қаза тауып, 125-і түрлі деңгейде жарақат алды. Ішінд жарылғыш зат бар көлік Білім министрінің ғимараты мен аялдама тұрған маңға қойылған. Іле-шала «лаңкестік әрекетті ұйымдастырған – Күрдтердің жұмысшылар партиясы (КЖП)», – деп мәлімдеме жасаған ресми Анкара КЖП немесе оның жақтастарын айыптаған. Бүгін Түркияның Қарулы күштері өздерін «бауырлас аймақ» санайтын Иракт Күрдстаны мен Күрдтердің жұмысшылар партиясы шоғырланған жерге шабуыл жасады. Әуеге көтерілген 11 әскери ұшақ Кандил мен Гарадағы 18 нысандағы қару-жарақ қоймаларын атқылады. Бас сауғалар жер таппаған күрдтер Ресейден жандарына араша сұрады.
Жарылыстан кейін күрдтерден құралған Халықтардың демократиялық партиясы лаңкестерді айыптап, ресми мәлімдеме жасады. Ал өзін Ирактық Күрдстан деп атаған аймақтың Мәскеудегі өкілі Асо Талабани Ресей үкіметінен көмектесуді сұрады. Оның айтуынша, Түркияда «лаңкестік ұйым» саналатын «Күрдтердің жұмысшылар партиясы Ирактық Күрдстанға бауыр». Алайда кездесу барысында Талабани: «Түркия күрдтерге кіретін кірістің 95 пайызы түсетін мұнай құырын жауып тастап, бізге үлкен зиян келтірді. Бірақ бұған кінәлі – Күрдтердің жұмысшылар партиясындағы лаңкестер тобы», – деп айыптады.
Ресей күрдтердің көмектесуге қатысты өтінішіне әзірге жауап берген жоқ. Бірақ Түркия мен Ирактың шекаралас тұсындағы түркімендер шоғырланған аймаққа бірнеше рет шабуыл жасап, соның салдарынан жүздеген жан жазықсыз қаза тапты. Құрбандардың арасында балалар мен қариялар, әйелдер де бар.

Ал бүгінгі лаңкестерге қарсы жасалған шабуылда 19 террорист өлтіріліп, орасан зор көлемде қару-жарақ тәркіленген. Түкрия Қарулы күштерінің хабарлауынша, әскери шара Хаккари Йүксекова мен Мардин Нүсайбин аумағында болған. Сонымен қатар Анкарадағы жарылысқа қатысы бар деген 10 адам тұтқынға алынған.
«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ

Related posts

Dünya e-Basın Konseyi Birliği (DEBK) 3. Olağan Kongresi yoğun katılımla gerçekleşti

ttjk

Жаңа Салық кодексі бизнесті теңгерімдеуді және ынталандыруды қамтамасыз етеді

Назия Жоямергенқызы

МЕНІҢ АНАМ

Назия Жоямергенқызы