Көкпекті ауданында «Толағай» белсенді өмір орталығы ашылды

Орталық жүгіру жолақтары, гирлер, велотренажерлер, әйелдерге арналған фитнес алаңымен қамтамасыз етілген.

«Толағай» орталығы бір мезетте 40–45 адамды қабылдауға мүмкіндік береді. Нысан аптасына алты күн жұмыс істейді. Ерлер мен әйелдерге арналған мерзімдер жеке кесте бойынша ұйымдастырылған.

Аталған орталықтың ашылуы ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтуға, белсенді өмір салтын қалыптастыруға, сондай-ақ жастардың спортпен жүйелі айналысуына қолайлы жағдай жасайды.

Related posts

«ӘЛЕУМЕТ — ҚОҒАМ АЙНАСЫ» БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ

Назия Жоямергенқызы

Астанада абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде

Назия Жоямергенқызы

Жоғары лауазымды полиция қызметкері ұсталды

editor