Көкпаршыларымыз қырғыздарды қапы қалдырды

Көкпардан финалдық ойында Қазақстан құрамасы Қырғыз Республикасының командасын 5:4 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды деп хабарлайды  Туризм және спорт министрлігі, «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі.

Алғашқы таймда 1:3 есебімен қырғыз құрамасы алға шықты. Екінші таймда есеп теңесіп, 4:4 есебімен аяқталды. Үзілстен кейін «алтын салым» салуға 10 минут уақыт беріліп, шешуші салымды қазақстандық көкпаршы салды. Тартысқа толы бәсеке 5:4 есебімен аяқталып, қазақстандық көкпаршылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алтын жүлдесіне ие болды.

«Көшпенділер ойындарының оқу-жаттығу жиынын жыл басында бастадық. Елді қуантамыз деген мақсатымыз болған еді. Қырғыз ағайындармен кездесу қиын болады деген едім. Расында солай болды. Десе де ел намысын қолдан бермей, үмітті ақтадық», – деді көкпардан ұлттық құраманың бас бапкері Ақылбай Манкеев.

«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысты. Бұл спорт

Related posts

Әйгілі футболшының үстінен «қыз зорлады» деген айып тағылды

editor

Президент Паралимпиада жүлдегерлерін және бапкерлерді мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

editor

ФРИГИЙСКИЙ УЛЬТРАМАРАФОН

ttjk