Әйелдердің құқықтарына қол сұғушылық қылмыстары екі есеге азайған

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше,  соңғы 6 жылда қабылданған ұйымдастыру әрі құқықтық іс-шаралардың нәтижесінде әйелдердің құқықтарына қол сұғатын қылмыстар саны екі есеге (47%-ға, 2019 жылы 96 337-ден 2024 жылы 51 057-ге дейін) азайған. Бұл туралы ведомство Қазақпарат агенттігіне берген жауабында келтірген.

Соның ішінде әйелдерге қатысты жасалған зорлық-зомбылық қылмыстары 48%-ға (2019 жылы 2 947-ден 2024 жылы 1 511-ге дейін), ал оның ішінде кісі өлтіру 27%-ға денсаулыққа ауыр зиян келтіру 25%-ға, әйелдерге қатысты орташа ауырлықтағы дене жарақаттарын салу 22%-ға кеміген.  Ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана зиян келтіру қылмыстарының криминализациясынан соң 2024 жылғы 12 айдың қорытындысында  (2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда) елдің барлық өңірінде тұрмыстағы қылмыстар саны 3,7 есе артқан (923-тен 3 371-ге дейін), оның ішінде теріс қылықтар саны 138 есе (18-ден 2 486-ға дейін) өскен.

«Құқық бұзудың осы түрінің өсуінің негізгі себептеріне тоқталсақ, бұл — 2024 жылдың 16 маусымынан бастап енгізілген заңдағы жаңашылдықтың нәтижесі. Бұл ретте, ұрып-соғу мен денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді криминализациялау арқылы мүмкін болды. Ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру қылмыстық теріс қылық болып санала бастады. Осылайша, барлық тіркелген (3 371) деректің 2 486-сы теріс қылықтар (74%), яғни қылмыстық құқық бұзу ретінде саналды. Сонымен қатар, криминализация енгізілгеннен кейін, тұрмыстағы зорлық-зомбылық саласындағы қылмыстық құқық бұзу деректері 2,2%-ға (905-тен 885-ке дейін), оның ішінде ауыр қылмыстарды, кісі өлтіру 6,4%-ға (125-тен 117-ге дейін), денсаулыққа ауыр зиян келтіру 25,5%-ға (337-ден 251-ге дейін), денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіруді 12%-ға (336-дан 296-ға дейін) төмендетуге мүмкіндік туды», деп аталып өткен ведомство ақпаратында. Есепті кезеңде 108 мың жанжалқой әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 30 мыңы (30 185) қамауға алынған.

Министрліктің дерегінше, тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау мақсатында учаскелік полиция инспекторлары 85 мың қорғау нұсқамасын шығарған. Полицияның өтініші бойынша соттар құқық бұзатын адамдардың мінез-құлқына 18 мың ерекше талап орнатты. Барлығында бақылау істері жүргізіліп, полицияның күшейтілген бақылауы белгіленген.

 

 

Related posts

Алқабилердің қарайтын істердің саны екі есе өсті

editor

Немрут тауының басынан таңды қарсы алыңыз

ttjk

Halyk — Қазақстандағы ШОБ үшін тағы да үздік банк болып танылды

ttjk