ҮЙДЕ ОТЫРЫП, ХАЛЫҚ БАНКІНЕН ШОТ АШЫҢЫЗ

Банкте ұзын-сонар кезекте тұру өткен күннің еншісінде қалды. Қазір кез келген қазақстандық банк бөлімшесіне бармай-ақ, Halyk Bank клиенті бола алады. Смартфон арқылы үйде отырып- ақ, банктен есепшот ашсаңыз болды. Жаңа мүмкіндіктің арқасында картаны үйге дейін жеткізу қызметін пайдалануға, сонымен қатар 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемді  алуға болады.

Жаңа қызметпен қатар клиентке онлайн сервистердің ауқымды түрі ұсынылады, коммуналдық, ұялы байланыс үшін төлемдер және Homebank ұсынатын көптеген қызметтер қолжетімді, әрі комиссиясыз, ең бастысы әр төлем үшін жоғарылатылған бонус есептеледі.

– Коронавирустық инфекцияның пандемиясы банк секторына қатты әсерін тигізді. Нарық нақты басымдықтарды белгіледі. Сондықтан бізде де қазақстандықтардың қауіпсіздігі мен жайлылығын бірінші орынға қойып, банктің қашықтықтан басқару онлайн сервистерінің белсенді даумына жіті мән бердік. Сол себепті, қазақстандықтарға үйден шықпай-ақ банк қызметтерін онлайн қолдануды ұсындық, – деді өз сөзінде Halyk Bank басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова.

Енді сіз Halyk Bank клиенті болмасаңыз да картаны бөлімшеге бармай-ақ онлайн аша аласыз. Ол үшін бар болғаны Homebank қосымшасын жүктеп алып, бейне растаудан өтіп, Halyk Bank-тің барлық өнімдері мен сервистеріне қол жеткізуге болады. Енді әр қазақстандық банкке келмей-ақ Homebank қосымшасы арқылы банк клиент бола алады.
– Жәрдемақы алу үшін маған шот пен карта ашу қажет болды. Алайда қазіргі шектеулермен сыртқа шығуға да қорқасын…Оның үсітне кезекте тұрудың өзі де қауіпсіз емес, Сондықтан Halyk Bank-тен шотты қашықтықтан ашуға болатыны жайлы естіген кезде көрейінші деп бел будым. Шындығын айтқанда көңілім толды. Бұл өте ыңғайлы екен. Бар болғаны Homebank қосымшасын жүктеп алдым, бейне растаудан өтіп, шоттың нөмірін алып, 42500.enbek сайтында өтінім беріп, төлемді күтіп отырғаны жайым бар. Маған банк бөлімшесіне барудың да қажеті болмай қалды, – дейді Halyk Bank клиенті Ляйля Мұсаипова.

Homebank-те бір рет шот пен картаны ашсаңыз сізге банк бөлімшесіне бармай-ақ көптеген банк өнімдері мен сервистері қолжетімді болады. Барлығы 4000-нан астам онлайн сервистер: комиссиясыз, әрі бонустар есептелетін төлемдер, кез келген карта мен шоттарға аударымдар, өз қаражаттарыңызды тәулік бойы бақылау және картаға бір мезетте берілетін онлайн кредит және т.б.

Өзіңізді және өз денсаулығыңызға сақ болыңыз. Онлайн тәртібінде Halyk Bank клиенті болу мүмкіндігін пайдаланыңыз және банк қызметтерін, шот немесе карта ашу, кредиттер мен төлемдерді алу, Homebank қосымшасы арқылы қызметтерді комиссиясыз өтей отырып, жоғарылатылған бонустарды бөлімшеге бармай-ақ үйден алып отырыңыз.

Related posts

4 АҚПАН – ОБЫРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ

ttjk

«Халық» қайырымдылық қоры мен «CNPC» корпорациясынан – 4 миллиард теңге

ttjk

ҚАЗАҚСТАН-БАЛЫКЕСИР МЕДИА БІРЛІГІ ҚҰРЫЛАДЫ

ttjk