ЙҮДЖЕЛ ЙЫЛМАЗ: «БАЛЫКЕСИРДІҢ КӨКТЕМІ МЕН КҮЗІ, ҚЫСЫ МЕН ЖАЗЫ БӨЛЕК»

  1. Қазақ журналистер Блыкесир мэріне шапан жауып, алғыс айтты.

Түркітілдес журналистер қорының делегациясы Түркияның  Балыкесир қаласындағы сапары барысында Балыкесир қаласының мэрі Йүджел Йылмазбен кездесті. Кездесу барысында делегация жетекшісі, Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы Йүджел мырзаға қонақжайлығы үшін алғысын білдірді: «Балыкесирдегі бағдарламаның алғашқы күні-ақ қазақ журналистер қаланы қатты ұнатты. Медиа саласындағы серіктестіктің нәтижесінде екі елге пайдалы ортақ жобаларды жүзеге асырамыз. Біздің мақсатымыз – Балыкесирді тану және оны Қазақстанда таныту».

 

Қазақ әріптестерімен бірге 4 күн бойы бірге жүріп, туған қаласын танытуға сеп болған Балыкесир Журналистер одағының төрағасы Рамазан Демир: «Түркия мемлекеті үшін маңызды мемлекеттердің бірі – Қазақстаннан келген әріптестерімізді қарсы алу – біз үшін үлкен мәртебе. Бұл сапар екі мемлекетке де, екі елдің журналистеріне де бір бірімен тығыз араласуына, серіктестік орнатуына пайдалы боларына сенемін», — деді.

Өз кезегінде Балыкесирдің артықшылықтарына тоқталған мэр Йүджел Йылмаз: «Балыкесир — үш түрлі климат пен үш түрлі географиясы бар өте үлкен әрі әдемі қала. Балыкесирдің көктемі мен күзі, қысы мен жазы бөлек. Бұл мекенде сіздер әр маусымды сезіне аласыздар. Біздің қаланы тануға қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Қазақстанға барғасын Балыкесирде бастан кешірген әдемі сәттерді отандастарыңызбен бөліседі, бұл екі бауырлас халық арасындағы ынтымақтастықты нығайтады деген сенімдемін. Алдымен достық қарым-қатынас басталсын,  кейін екі жаққа да тиімді сауда-саттық, серіктестікке ұлассын.  Балыкесирде қазақстандық студенттер бар. Олардың кейбірі Түркияда тұрақтап қалса, кейбірі түрік бауырларға деген дос пейлін еліне ала қайтады», — деді.

Кездесу соңында Қор басшысы Нәзия Жоямергенқызы делегация мүшелері атынан қала мэріне қазақы шапан жауып, әл-Фарабидің бейнесі салынған кілемшені сыйға тартты.

Қазақ журналистердің Балыкесирге сапарлауына себепкер болған журналист Левент Караагачқа да делегация шапан жауып, құрмет көрсетті.

Соңғы жиырма жылдан бері Швейцарияда тұрып жатқан Левент мырза қазақ әріптестері үшін Балыкесирге арнайы келді.

Related posts

This Is The Hot European City All Your Cool Friends Are Talking About

ttjk

Hediye Eroğlu: Daha çok iletişimde olalım, el ele verelim

Назия Жоямергенқызы

«Atyraý» газетінің 100 жылдығына мемориалдық тақта ашылды (+ФОТО)

ttjk