«Израиль мен ХАМАС Газа секторындағы соғысты тоқтатуға келісті» деп хабарлайды ВВС.
Екі тарап араға15 ай өткенде мәмілеге келіп, Газа секторында соғысты тоқтататындарын жариялады. Катардың премьер-министрі Мұхаммед бин Абдель Рахман Әл-Танидың хабарлауынша, егер Израильдің министрлер кабинеті құптаса, келісім жексенбі күні күшіне енбек.
Тұтқында отырған палестиналықтардың отбасылары бұл жаңалықты қуанышпен қарсы алды. Алайда дәл қазір Газа секторындағы атыс біржола толастаған жоқ.
ХАМАС-тың басқаруындағы азаматтық қорғаныс агенттігі Катардағы келісім туралы айтылған соң да Израильдің әуе шабуылдарынан 20 адамның көз жұмғанын хабарлады. Катар үкіметінің басшысы алғашқы 6 апталық «тыныштық» кезеңінде екі жақты сабырлы болуға шақырып отыр. Оның айтуынша, израильдік түрмелерде жатқан тұтқындарға 33 адам айырбас жасалады. Израиль әскері Газаның халық тығыз орналасқан аудандарынан шығысқа қарай жылжиды, босып кеткен палестиналықтар өз үйіне орала бастайды және күніне жүздеген көлікпен гуманитарлық көмек жіберілмек. Мәміленің екінші кезеңінде қалған тұтқындар босатылып, израильдік әскерлер толықтай Газадан кеткенде бейбітшілік орнауы мүмкін. Соңғы кезеңде Газаны қайта қалпына келтіру жұмысы жүргізіліп, қаза тапқан тұтқындардың денелері қайтарылатын болады.
ХАМАС бақылауындағы Газа денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, соғыс басталғалы бері елу мыңға жуық адам көз жұмған.