Израиль Иранның әскери нысандарына соққы жасап жатыр

Израиль әскерилері Ирандағы әскери нысандарға соққы жасап жатқанын мәлімдеді.

Түнгі сағат екілер шамасында ЦАХАЛ «Ирандағы режимнің Израильге қарсы үздіксіз шабуылдары» деп атағанына жауап ретінде «Ирандағы әскери нысандарға дәл соққылар жасап жатыр» деп мәлімдеген.

Израиль әскерінің Иранға жауабы Тегеран 1 қазанда Израильге жаппай шабуыл жасап, 200-ге жуық баллистикалық зымыран атудан кейін жоспарланған болатын. Бұл Иран қолдайтын ливандық шииттік «Хезболла» тобының жетекшісі Хасан Насралланың өлтірілуіне жауап ретінде жасалды. Ол израильдіктердің Бейруттегі Хезболланың штаб-пәтеріне жасаған соққысынан қаза тапқан.

Израильдің жауап ретіндегі шабуылының қандай болары әлі анық емес. Бірақ Reuters-тің хабарлауынша, Израильдің қоғамдық телеарнасы ондаған жойғыш ұшақ Иранның әскери нысандарына соққы жасаған. Ал Иранның Fars ақпарат агенттігі Тегеранның батысы мен оңтүстік-батысындағы бірнеше әскери база Израильдің атқылауына ұшырағанын растап отыр.

«Нысандарға энергетикалық инфрақұрылым немесе ядролық нысандар кірген жоқ»деп хабарлайды NBC News және ABC News израильдік шенеунікке сілтеме жасап. Израильдің 12 телеарнасының хабарлауынша, Израильдің соққыларының негізгі нысанасы – Иран қорғаныс өнеркәсібінің орталық әскери нысандары, соның ішінде зымыран зауыттары, ұшқышсыз ұшақтарды әзірлеу және өндіру нысандары және баллистикалық зымырандарды ұшыру базалары.

 

Related posts

Көпбалалы отбасылар үшін баспанаға өтініш қабылдау басталады

editor

Полиция қызметкеріне пара ұсынып, қылмыстық жауапқа тартылды

editor

Алматыға тағы 6 мың камера орнатылады

editor