Интернет-казинолардың тізімі жаңартылды

Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті лицензиясы жоқ интернет-ресурстар тізімін жаңартты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

«Тізімге қолданыстағы заңның 6-бабының 2-тармағында тыйым салынған интернет-казино белгілері бар 1820 бірегей желілік мекенжай енді. Бұл тізім Комитеттің жүйелі ақпарат жинап, интернет-казино мен заңсыз букмекерлік қызметтердің жұмысын анықтағаны нәтижесінде белгілі болды», делінген министрлік хабарламасында.

Сонымен қатар тізім Telegram және WhatsApp мессенджерлерінен толықтырылып отырады. Заңсыз ойын бизнесінің таралуына бей-жай қарамайтын азаматтар күдікті сайттар мен әлеуметтік желілердегі парақшалардың сілтемелерін жібереді. Тізімге Vavada, Sultan Games, Pin Up, Play Fortuna, Riobet, Casino-X секілді танымал платформалар да енгізілген.

Анықталған ақпарат «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне енгізіліп, Қазақстан  аумағында олардың қызметін шектеу үшін заң тұрғысынан бағалау жүргізіледі. Естеріңізге сала кетейік, мұндай ресурстарды анықтаумен Үкімет қаулысына сәйкес 2024 жылғы 4 қыркүйекте құрылған Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті айналысады.

 

Related posts

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин шағын құрамда келіссөз жүргізді

Назия Жоямергенқызы

The future of Cycling Tourism was decided in 2023 EuroVelo & Cycling Tourism Conference

Назия Жоямергенқызы

Enjoy the ‘Cool İstanbul’ in Autumn!

Назия Жоямергенқызы