ІІ Түркітілдес журналистер медиа форумы: «Түркі әлемінің ақпараттық ынтымақтастығы» (фото)

9 қазан күні Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақүйі «Grand Palace» залында «Түркі әлемінің ақпараттық ынтымақтастығы» деген атпен ІІ Түркітілдес журналистер медиа форумы өтті. Бұл туралы ttjk.info сайты жазды.

«Шеврон» компаниясы мен «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының біріккен жобасы халықаралық деңгейде өтті. Форумға Ұлыбритания, Италия, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен спикерлер келіп, түркі бірлігі, медиасы, ақпараттық ықпалдастық туралы сөз қозғап, пікір алмасты.

Айтулы медиа форум алғаш рет 2018 жылы Ыстанбұлда өткен болатын. Араға үш жыл салып Алматы өткен іс-шараға отандық ақпарат саласының өкілдерімен қатар, бауырлас елдердің білікті мамандары қатысты. Атап айтқанда, Түркия Журналистер конфедерациясының халықаралық қатынастар жөніндегі бас үйлестірушісі Мевлут Йени, Анталья Журналистер одағының төрағасы Идрис Таш, Италиядағы Шетелдік журналис­тер қауымдастығының президенті Эсма Чакыр, Лондондағы «Avrupa Media Group» ақпараттық алаңының қожайыны Ватан Өз, Ташкенттегі «Халық сөзі» газетінің жауапты хатшысы Нұрлан Усманов, Бішкек мемлекеттік университеті журналистика факультетінің деканы Алтын Асанова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантайұлы,  «Ана тілі» басылымының Бас редакторы Қали Сәрсенбай, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің басқарма басшысы Ақмарал Пазылова, «Шеврон» компаниясының коммуникациялар және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі кеңесшісі Айнұр Сағынбайқызы, сондай-ақ медиа саласының басқа да үздік мамандары бас қосты.

Медиа форумды «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қорының президенті Нәзия Жоямергенқызы ашты.

Италиядағы Шетелдік журналистер ассоциациясының президенті Эсма Чакыр «Журналистиканың ықпалы және сөз бостандығы» хақында сөз қозғады. Өзге спикерлер түркі елдерінің ортақ ақпарат кеңістігі, дәстүрлі медиа және жасанды интеллекті, жаңа медианың үдерістері және ақпараттық қауіпсіздік тақырыбында ой қозғап, пікірлерін ортаға салды.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Журналистика факультетінің деканы Нұржан Қуантайұлы мен Бішкек Мемлекеттік университеті Журналистика факультетінің деканы Алтын Асанова да журналист кадрлерді дайындау туралы пікірлерімен бөлісті.

Ал, «Шеврон» компаниясының өкілі Айнұр Сағынбайқызы мен ҚазҰУ Журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі Назгүл Шыңғысова PR білім беру мен компанияның медиа құралдармен қарапайым жұмысы жайлы ақпараттары аудиторияға өте қызықты болды.

Шара соңында «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ мен «Шеврон» компаниясының серіктестігінде ұйымдастырылған «Әлеумет – қоғам айнасы» байқауының жеңімпаздарын  марапаттау салтанаты болды.

 

 

Related posts

СЫР ЕЛІНДЕ — «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ

ttjk

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Олаф Шольц шағын құрамда келіссөз жүргізді

editor

Қант зауыттарына жеңілдетілген несие беріледі

editor