Хэллоуинге дайындалған кәсіпкерге айыппұл салынды

Өскемен қаласындағы дәмхана алдына мүрде кейпіндегі муляжды іліп қойған кәсіпкерге айыппұл салынды.
Әлеуметтік желіде Өскемен қаласындағы дәмханалардың бірінің алдында мүрде кейпіндегі муляж ілініп тұрған фотосурет тарап кеткен. Белгілі болғандай, оны дәмхана иесі Хэллоуин алдында әдейі іліп қойған.Бірақ бұл заңға қайшы болғандықтан полицейлер кәсіпкерге айыппұл салды.
«Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 29 жастағы азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Енді ол 30 АЕК (110 760 теңге) көлемінде айыппұл төлейді», деп хабарлайды облыстық олиция департаментінің баспасөз қызметі.

Related posts

Ұшақ апатын зерттеуге Бразилиядан тергеушілер тобы келеді

editor

Стамбульский культурный центр имени Ататюрка становится розовым в месяц борьбы против рака молочной железы

ttjk

448,7 мың адам жұмыспен қамтылды

editor