Haribo мармеладтарынан есірткі табылды

Нидерландта Haribo шығаратын мармеладтардың бірнешеуінен марихуананың іздері ьабылған. Компания сатылымға шығарған барлық тәттілерінің осы түрін кері қайтарып алып жатыр.

Салмағы 1 келі болатын пакеттерден Haribo Happy Cola F!ZZ тәттілерін жеген сатып алушылар жаппай денсаулығына шағымдана бастаған. Нидерландтағы тауарлардың сапасын қадағалайтын ұйым — NVWA кәмпиттерді сараптама жасауға жібергенде тәттілердің құрамынан аз көлемде каннабис табылған.
Осыған сәйкес NVWA азаматтарға ресми түрде ескерту жасады. https://www.nvwa.nl/documenten/waarschuwingen/2025/05/29/belangrijke-gezondheidswaarschuwing-haribo-happy-cola-fzz-1000-gram

 

Related posts

«Таза Қазақстан»: Абай облысында экологиялық акция өтті

Президент Иордания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Назия Жоямергенқызы

Үлестік құрылыс саласында заң талаптарын айналып өту көп

editor