HALYK BANK-тен APPLE PAY ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ

Apple Pay мобильді төлемдер жүйесі Halyk Bank және Qazkom карталарын ұстаушыларға қолжетімді болды

Алматы, 2018 ж. 28 қараша — Бүгінгі күннен бастап Halyk Bank пен Qazkom-ның Visa және Mastercard карталарын ұстаушылар өз тұтынушыларына жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз қызмет ұсына отырып, мобильді төлемдер саласын жаңа деңгейге шығаратын жеңіл әрі қауіпсіз төлем құралы Apple Pay арқылы тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізу мүмкіндігін алды.
«Біз клиенттерімізге тауарлар мен қызметтерге контактісіз төлем жүргізудің қарапайым әрі ыңғайлы тәсілін ұсынуға қуаныштымыз және өз тарапымыздан эквайринг инфрақұрылымын ApplePay қызметін қабылдауға дайын болуын қамтамасыз еттік. Аталған технологияның Қазақстанға келуімен, менің ойымша, үйден шыққанда алып шағатын жалғыз зат смартфон ғана болмақ»,- деді Halyk Bank басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова.

«Apple Pay жүйесін Қазақстанда іске қосу – біздің нарық үшін банктердің контактісіз төлемдерді қолдану аясын кеңейтуге деген талпынысын және тұтынушылардың инновациялық төлемдер тәсіліне көшуге дайындығын көрсететін жағымды белгі. Біз Apple Pay қызметі арқылы төлем жасаудың жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз тәсілін ұсына отырып, Visa төлем карталарына арналған барлық артықшылықтарды сақтаймыз. Apple Pay сервисіне Visa Token Service[1]технологиясы негіз болып табылады. Оның көмегімен Halyk Bank-тің Visa карталарын ұстаушылар аталған қызмет қосылған кез келген Apple құрылғысы арқылы өз карталарын сатып алынған заттары үшін төлем жасауға қолдана алады», — деді Орталық Азия елдеріндегі Visa-ның бас менеждері Ғалым Табылдиев.
«Mastercard – технологиялық көшбасшы, сондықтан біз әлемдік төлем ұсыныстарын қолдану арқылы және цифрлық болашақты жақындата отырып, қазақстандық нарыққа ең жаңа алдыңғы қатарлы инновацияларды енгізуге тырысамыз. Apple Pay қызметін іске қосумен бірге смартфон және басқа Apple құрылғыларын қолданумен әлем бойынша контактісіз төлемдер технологиясын қабылдайтын кез келген жерінде төлем жасаудың қауіпсіз, қарапайым әрі ыңғайлы тәсілі қолжетімді болмақ. Mastercard жүйесімен бірге карта ұстаушылар ауқымды мүмкіндіктер таңдауына ие», – деген ойын білдірді Қазақстан, Белорусия және Армениядағы Mastercard жүйесінің атқарушы директоры Нина Виллемс.
Apple Pay қызметін іске қосу өте оңай: клиенттер Halyk Bank пен Qazkom-ның Visa және Mastercard картасын Homebank қосымшасы немесе Wallet қосымшасы арқылы төлем қызметіне қоса алады. Дүкендерде Apple Pay арқылы төлем жүргізу үшін iPhone SE, iPhone 6 және одан кейінгі жаңа үлгілерді, сонымен қатар Apple Watch қолдануға болады.
Apple Pay технологиясының негізін қауіпсіздік пен клиенттер деректерінің құпиялылығы құрайды. Карта Apple Pay қызметіне қосылғаннан кейін оның нөмірі құрылғыда да, сол сияқты Apple серверінде де сақталмайды. Бұның орнына есептік жазбаның бірегей нөмірі тіркеліп, арнайы шифрлау арқылы Apple құрылғысының «Қауіпсіз Элемент» чипінде қауіпсіз жағдайда сақталады. Әрбір транзакция димамикалық түрде түрлендірілетін, бір-ақ рет қолданылатын бірегей құпия код арқылы авторландырылады.
Apple Pay бізге Touch ID-ге саусақтың ұшын тигізіп немесе шеткі батырманы екі рет түртіп, iPhone X-те Face ID арқылы операцияны растау үшін бір қарап, қосымшаларда және вебсайттарда жеңіл сатып алуды мүмкін етеді. Енді байланыс деректері бар үлкен құжаттарды қолмен толтырудың немесе жеткізу және шот қою туралы деректерді қайта енгізудің қажеті жоқ. Сатып алулар үшін қосымлашарда немесе Safari-ден төлегенде — Apple Pay iPhone 6-да және одан кейінгі үлгілерде, iPad Pro, iPad Air 2, iPad mini 3-те одан кейінгі үлгілерде жұмыс істейді. Сондай-ақ Сіз Apple Pay-мен Safari браузерінде, компьютерге macOS Sierra жүйесі орнатылған, шығарылған жылы 2012 жылдан аспайтын кез келген Мас-та қолдана аласыз, бұл ретте төлемді өзіңіздің iPhone 6 немесе одан кейінгі үлгідегі телефоныңыз арқылы, немесе тікелей Apple Watch-тан, немесе жаңа MacBook Pro-да Touch ID-ге саусақтың ұшын тигізіп, растау қажет. Apple Pay туралы толығырақ: http://www.apple.com/apple-pay/
Осыған қоса, Apple Pay сервисін қосу қарсаңында Halyk Bank клиенттерге арналған бонустық акцияларды әзірледі: Wallet қосымшасында қосылған әрбір Halyk және Qazkom картасына 500 теңге Go! бонус есепке қосылады, ал танымал кофеханаларда төлем жүргізгенде қосымша 5% Go! бонустар есептеледі.
Бүгінгі күнде Halyk Bank-тің эквайрингтік желісі контактісіз төлеу функциясы бар 26 мың POS-терминалдарды қамтиды. Бұл – елдегі ең ірі POS-терминалдар желісі. Бұл ретте Visa, Mastercard картасын немесе алып жүретін Apple құрылғыларын жай ғана тигізу арқылы тауарлар мен қызметтерге төлеуге болатын терминалдар Қазақстан бойынша 9 585 коммерсанта орнатылған. Жалпы алғанда, әлемде Apple Pay қолжетімді болатын 11 миллионнан артық локациялар бар.

Halyk Bank мамандары түсіндіргендей, клиенттер тауарлар мен қызметтерге төлеу үшін, оның ішінде сауда-сервистік кәсіпорындарда есеп айырысуларды, Homebank арқылы төлемдер мен аударымдарды қоса, төлем карталарын жиі қолдана бастады: соңғы кезеңде онлайн-платформа арқылы 28 млн төлем жүргізілді. Apple Pay-дің келуі бұдан бұрын Ресей мен Украинада болғандай, Қазақстандағы контактісіз төлемдер нарығының дамуына жаңа импульс береді. [1] Visa Token Service картаның 16-таңбалы нөмірі сияқты құпия ақпаратты мобильді құрылғыда қаупсіз сақталып, сатып алуларға төлем жасауға қолданылатын бірегей сандық сәйкестендіруші – токенге ауыстырады. Visa Token Service туралы толық ақпарат мына жерде Байланыс үшін: Halyk Bank + 7 727 259 0301 pr@halykbank.kz

Related posts

«QOLDA» — ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖОБАСЫ

ttjk

ТИІМДІ СЕРІКТЕСТІК

ttjk

МУЗЕЙ ТРОЯ В ЧАНАККАЛЕ

ttjk