Әкім-қаралар халық сайлаған ауыл басшысының соңына шырақ алып түскен

«Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты Төрт-Құдық ауылдық округінің тұрғындары өз әкімін қорғау үшін Президентке хат жазып, Екібастұз әкімі оған қайта сайлануға кеңес берді», деп жазады ratel.kz.

Өткен аптаның соңында бір мезетте Астана мен Екібастұзда бір-бірімен тығыз байланысты екі іс-шара өткен. Мәжілістегі қоғамдық палатаның отырысына қатысқан халық қалаулылары, Үкімет мүшелері мен саясаттанушылар «аудандар мен ауылдық округтердің сайланған әкімдерінің жұмыс істеу тәжірибесін» талқылап, біраз мәселені көтеріпті. Соның ішінде ауыл әкімдерінің төртінші деңгейлік бюджеттегі қаражаттың жетіспеушілігі туралы шағымдарын, көше шамын ауыстыру үшін электрик жалдай алмайтын жағдайда отырғандары айтылған.
Елордада ауыл әкімдерінің жұмыс тәжірибесін әділетті тұрғыда қарастыру талқыланып жатқанда Екібастұзда тәртіптік комиссия отырысы өтіп, онда Төрт-Құдық ауылдық округінің әкімі Әлібек Оңғонысов мәселесі майшаммен қаралған.
Еске сала кетейік, халықтың қалауымен сайланған ол екі жыл ішінде екі су құбырын, қазандық пен жолды қабылдамай қойған. Ауылдың су құбырын әкім өз балансына қабылдаудан бас тартқан. Себебін ауыл әкімі жеткізуші мердігердің жасап кеткен шалағайлығының орнын толтыруға кенттік бюджетте қаржы жоқтығымен түсіндірген. Онда тоғыз өрт гидрантының су төгетін клапандары ысып, су басқан, жер асты сулары ағып жатқан ойпатта жобаланған және салынған екінші көтергіш сорғы станциясының ғимаратының ішінде үнемі су бар, осыған байланысты қабырғалар тұрақты ылғалға байланысты суланып, құбырлар коррозияға ұшырайды. Бозшакөл ауылының су құбырын жобалау кезінде олар ауылдың барлық бөлігіне ЖСҚ желісін салуды ұмытып кеткен. Содан кейін дизель-генераторы бар трансформатор ұрланған. Бозшакөл ауылының қазандығын жөндеу кезінде мердігер қуаты жеткіліксіз үш Қарағанды су жылыту қазандығын, содан кейін «Песчанский РМЗ» ЖШС дайындаған тағы екі қазандық агрегатын сатып алады. Олар дұрыс қосылмағандықтан жарылып тынған. Қазандықтар қайнатылып жатқанымен, қазіргі жылыту маусымына дайындық кезінде олардың әлі де ағып жатқаны белгілі болып отыр.
Әділдікке жетем деген әкімнің мәселесі жалғыз бұл ғана емес екен. Оның қызметіндегі келеңсіздіктің бірі — Төрт-Құдық ауылына баратын жолдың тарихы болып отырғанға ұқсайды. Осы жол бойынша Мемлекеттік сатып алу конкурсы осы жылдың 26 наурызында өтіп, «Қазгерсервис» ЖШС жұмысты 13 маусымда аяқтауы тиіс болған. Бірақ ЖШС техникалық сипаттаманы қайта құру туралы шешімді өздерінің үстіне арызданып, сотқа жүгінгенге дейін ұстап отырды. Тамыз айы бойы тараптар төселген асфальттың сапасына қатысты дауласып жүргенде — Ұлттық жол активтері сапасы орталығының Павлодар филиалы «Сынақ нәтижелері бойынша бес сынаманың тек біреуі ғана қалыңдығы мен тығыздалуы бойынша талаптарға жауап беретінін анықтаған». Ауыл әкімі Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз беріп, 13 қыркүйекте «Қазгерсервис» ЖШС мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тануды талап еткен. Бірақ облыс прокурорының орынбасары Ербол Ысқақов өзінің апелляциялық өтінішінде бес жолдың төрт ақаулы бөлігі «маңызды емес бұзушылықтар» ретінде көрсетіп берген. Қазір апелляция күтілуде.
Ең қызығы, осы халық сайлаған Төрт-Құдық ауылдық округінің әкімінің әділеттілігі үшін аяқтан шалудың амалы қарастырылып жатқан көрінеді. Ауыл әкімі өзіне сеніп тапсырылған ауылдардың тұрғындарына тиесілі малдардың Павлодар-Астана автобанымен жүргені үшін сөгіс алып отыр. Онда рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығы сағатына 140 километр және заңға сәйкес бұл үшін «ҚазАвтоЖол «ҰК»АҚ жауап беруге тиіс.
«Апат уақыты түнгі уақытта болған. Бұл уақытта ұйықтауға дайындалып жаттым. Өкінішке қарай, Менің Ванга сияқты қабілетім жоқ», деп жазды осы оқиғадан кейін халық сайлаған әкім өзінің үстінен қарайтын басшыларға түсіндірмесінде.
Ал ауыл әкіміне айтқанын істете алмаған «Қазгорсервис» ЖШС бүлікшіні қызметтен біржола алып тастауға білек сыбана кіріскен. Жолды мерзімінде және сапалы тұрғыза алмаған мердігер Оңғонысовтың «орындалған» жұмыстар актісіне қол қоймағанын алға тартып «Жолдарды қажет емес жерге – үйлердің бірінде, ойын алаңында және негізгі жолға іргелес көшелерде қиыршық тас қосуға мәжбүр етті» деп әкімнің үстінен шағым жазып үлгерген.

Related posts

Отбасы банктің барлық терминалы жабылады

editor

КАК ПРАВИЛЬНО ПИСАТЬ О МИГРАЦИИ: МОБИЛЬНЫЙ КУРС ОТ ПРЕПОДАВАТЕЛЕЙ КАЗНУ

editor

В Астане состоится IX Съезд онкологов и радиологов Казахстана

Назия Жоямергенқызы