«Халық» қоры халыққа қамқорлық көрсетуде

Бүгінде «Халық» қоры бірқатар игі жобаларды атқаруда. Соның ішінде Маңғыстау облысында 5 жобаны қолға алған болатын.
Қазір «Халық» қорының жобалары бойынша балалар, жаттығу алаңдары мен футбол алаңдары салынды. Жер асты суларын тартып, оны тұщыландырып, жасыл желектерді суару мақсатында төмен қуатты тұзсыздандыру қондырғысы орнатылды.
Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында ауыз суды тұзсыздандыруға арналған қондырғы қойылды. Сонымен бірге Маңғыстау облысына қарасты Бейнеудегі дәнді дақылдар терминалын қайта іске қосу жүзеге асырылмақ. Жаңаөзенде денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысының сметалық жобасы әзірленуде.
Жүзеге асырылған бастапқы жобадағы балалар, жаттығу алаңдарын салу және футбол алаңдары бойынша жұмыстар жүргізіліп, 46 нысан алдын ала белгіленген жерлерде пайдалануға берілді. Жоба бюджеті – 402,5 миллион теңгені құрады. Ал Жаңаөзенде жер асты суларын тартып, оны тұщыландырып, жасыл желектерді суару мақсатында төмен қуатты тұзсыздандыру қондырғысын орнатуға – 35 миллион теңге жұмсалды.
Маңғыстау облысының Түпқарған ауданы Ақшұқыр ауылы үшін тәулігіне қуаты – 4000 м3 құрайтын ауызсуды тұщыландыру зауытын салуға – 300 миллион теңге қаралды.
Сондай-ақ Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу астық терминалын сатып алу бойынша қайырымдылық көмек көрсетуге – 1,8 миллиард теңге бөлінді. Маңғыстау облысының әкімдігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға, сонымен қатар Маңғыстау әкімдігімен және «Маңғыстау» ЗТБ индустриялық палатасымен» қайырымдылық көмек көрсету туралы шарт келісілген және қосымша келісімге қол қойылуға әзір.
Аумағы 4 гектар учаскені құрайтын денешынықтыру-сауықтыру спорт кешеніне – 1 миллиард теңге қарастырылған. Эскиздік жоба дайын. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Енді Қор тарапынан құрылыс кезеңінде жер учаскесін өтеусіз жалға алу құқығына рұқсат алу ісін жүзеге асырылуда.

Related posts

Жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

editor

ЗАМАНАУИ ТЕХНИКА — САПАЛЫ ӨНІМ КЕПІЛІ

ttjk

Түркітілдес журналистер форумының алғашқы күні Медеу мен Шымбұлақтан басталды

editor