ГИРЕСУН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

 

Бүгін Гиресун Журналистер одағының төрағасы Бекир Байраммен кездестік.

Б.Байрам мырзаға Түркітілдес журналистер қоры мен Қор жанынан құрылған Қазақстан Әйел журналистер клубы, Медиа тренерлер мектебі, Жас журналистер мектебі мен Дүниежүзілік түркі медиасының ассоциациясы (World Turkic Media Association — WTMA) туралы ақпарат бердім.

Кездесу нәтижесінде Түркітілдес журналистер қоры мен Гиресун журналистер одағы арасында жүзеге асырылатын жобалар жайлы ақылдастық.

Атап айтқанда, түркі журналистері арасында түбі бір түркіге ортақ тарихи, рухани құндылықтарды насихаттайтын байқаулар; кәсіби білікті арттыру мақсатында семинарлар, вебинарлар, конференциялар; түркі елдерінің туризмін дамытуға ықпал ететін пресс турлар, экскурсиялар т.б.

Біз Гиресун журналистер одағының төрағасы мен Одақ мүшелерін Түркітілдес журналистер қоры 2026 жылы Қазақстанда өткізетін VII Халықаралық түркітілдес журналистер медиафорумына шақырдық.

Толық ақпарат: 8 (778) 878 3408 (WhatsApp).

#түркітілдесжурналистерқоры
#фондтюркоязычныхжурналистов
#turkdilikonuşangazetecilervakfı
#turkicspeakingjournalists #гиресун #giresun

Related posts

Алматыда XIII республикалық «Media Құрылтай» өтеді

ttjk

Паранжа мен никаб киюге заңмен тыйым салынды

editor

БУРАК ӨЗЧИВИТ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ БЕДЕЛДІ ЖОБАҒА ҚАТЫСУ ҮШІН АЛМАТЫҒА КЕЛДІ

Назия Жоямергенқызы