FlyArystan: Таразға арзан билет бар

FlyArystan Тараз-Нұр-Сұлтан-Тараз бағыты бойынша билеттер сатылымын ашық деп жариялайды. Күнделікті рейстер үстіміздегі жылдың 3 қазанынан бастап 180 орынды Airbus A320 әуелайнерлерімен орындалатын болады. Оңтүстік өңірдің ірі қаласы мен елорда аралығында небәрі бір жарым сағатта қатынауға болады, ал билеттің біржақты билет құны 6999 теңгеден басталады. Аталмыш баға нарықта ұсынылып отырған бағадан 72% арзан екенін атап кеткен жөн.

«ҚР ИИДМ ААК мәлімдеуінше FlyArystan операциялық жұмысын бастағаннан бері Әулие ата халықаралық әуежайының жолаушылар саны 140% астам өсті. Бағдарлар кестесі екі еселенгеннен кейін бұл көрсеткіш тағы да ұлғая түседі деген нық сенімдеміз. Өз тарапымыздан біз Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына баруды жоспарлап отырған халыққа жылына 130 000 орынды беруге әзір екендігімізді мәлімдейміз», – деп FlyArystan-ның сату және маркетинг директоры Жанар Жайлауова өз ойымен бөлісті.

Естеріңізге сала кетсек, алғашқы рет лоукостердің ұшақтары 1 мамырда Алматыдан Таразға жол тартқан еді және де аталмыш уақытта, яғни 5 айдан кем уақыт ішінде 46 000-нан астам жолаушыны тасып үлгерді. 90% билеттер 10 000 теңгеден төмен бағамен сатылса, жартысы 5000 теңгеден төмен бағамен ұсынылған екен.

FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы – Алматы қаласында негізделіп, Skytrax World Airline Awards бағалауынша қызмет көрсету сапасы 4 жұлдызға сәйкестеніп, Орталық Азия мен Үндістандағы ең үздік компания деп танылған, «Эйр Астана» әуетасымалдаушысының бөлімшесі.
FlyArystan әуефлотының орта жасы 6 жыл, 180 орны бар 2 Airbus 320-232 ұшақтарынан құралған.
2022 жылға қарай парктегі әуекемелер санын 15 дейін жеткізіп, оларды Қазақстанның бірнеше ірі қаласында негіздеу жоспарланып отыр.

FlyArystan баспасөз қызметі pr@flyarystan.com

Related posts

Түрік асханасы – Осман империясынан жеткен мұра

ttjk

НАУРЫЗ – ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ МЕРЕКЕСІ

ttjk

“Набат операциясы”

Назия Жоямергенқызы