Ескерткіштің астында қалған жасөспірім көз жұмған

Былтыр Атырауда Жеңіс саябағында 7 жасар қыздың үстіне ескерткіш құлап, ауыр дене жарақатын алғандықтан ауруханада көз жұмған.

Есте болса, былтыр 25 маусымда  кешкі сағат 21:40 шамасында басталған жаңбырдың соңы нөсерге ұласып, Жеңіс саябағына серуендеуге келген бір отбасының 2 баласы ескерткіштің артын паналаған. Сол кезде ескерткіш құлап, 7 жасар қызды басып қалған. Ал оның қасында болған 2015 жылғы бауырының қолы сынған. Екеуі де облыстық балалар ауруханасы жеткізілген. Әйткенмен 7 жасар қыз ауыр дене жарақатының салдарынан ауруханада көз жұмған.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу аяқталуға жақын қалған. Тараптар іс материалдарымен танысып біткен соң қылмыстық істің материалдары сотқа жолданады. Марқұм қыздың әкесі Айдос Сабыров ескерткішті сапасыз бекіткен кінәлілердің жазаланғанын қалап отыр. «Қылмыстық іс ескерткішті орнатқан мердігерге қатысты қозғалды. Ал сол кезде ескерткішті орнатуға, ашылуына жауапты болғандар да жауап беруі қажет», дейді ол.

 

Related posts

Мемлекеттік онкологиялық орталықтарда жатыр мойны обырының алдын алуға арналған Ашық есік күні өтеді

editor

Бас есепші бюджеттен 117 миллион теңге жымқырған

editor

Қытай мен АҚШ Женевада сауда келіссөздерін бастады

Назия Жоямергенқызы