Есірткімен ұсталған жасөспірімдер өмір бойы түрмеге тоғытылуы мүмкін

Павлодар облысында полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жедел іздестіру шаралары барысында Петропавл қаласының 17 жастағы тұрғындарын анықтады. Тексеру барысында олардың біреуінің үстінен ақ түсті ұнтақ салынған 20 полимерлі пакет тәркіленген.

«Есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау және өткізу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Тимур Қаржаубаев.

Олардың уақытша тұрған мекенжайын тінту барысында салмағы 200 грамнан асатын синтетикалық есірткі заттары, оларды орауға арналған полимерлі пакеттер, электр таспасы және басқа да құрылғылар табылды. Әзірге белгілісі, олар Павлодар қаласында есірткі мен психотроптық заттарды жанасусыз тарату мақсатында пәтерді жалға алған.

«Полиция департаменті осындай қылмыс жасағандар үшін Қазақстан заңнамасында өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді»,  делінген облыстық ПД хабарламасында.

Related posts

Hocalı soykırımı Türk dünyasının kanayan yarasıdır

ttjk

Түрксоймен серіктестік келісімі

Назия Жоямергенқызы

BABASI VE KÜÇÜK KIZ SALDIRIDA VEFAT ETTİ

ttjk