Елордада шырша шамын жағу рәсімі өтеді: дрон-шоу кейінге қалдырылды

Бүгін, 19 желтоқсанда елорданың барлық алты ауданында бір мезетте 40-тан астам жаңа жылдық шыршаның шамы жағылады. Осыған орай Астана қаласының әкімдігі тұрғындар мен қонақтарға арнайы ескерту жасады.

Әкімдік таратқан ақпаратқа сәйкес, шырша шамын жағу құрметіне концерттер мен түрлі мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылады.

Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және іс-шараға келушілерге ыңғайлы жағдай жасау мақсатында мереке өтетін уақыт аралығында «Астана Арена» стадионы маңындағы жолдарда автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Атап айтқанда, шектеулер «Алау» мұз сарайы жақтағы көше мен «Астана Арена» стадионының шығыс бөлігіндегі жолдарға қатысты болады.

Көлік қозғалысы мерекелік шара басталардан бірнеше сағат бұрын тоқтатылып, барлық іс-шаралар аяқталған соң қайта ашылады.

Әкімдік өкілдері жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеруді ұсынады.

Сонымен қатар қолайсыз ауа райы жағдайына және мамандардың ұсынысына байланысты мерекелік бағдарламада жоспарланған дрон-шоу кейінге шегерілді.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Астанада қар жауып, боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін күшеюі ықтимал. Осы себепті көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және техникалық жабдықтарды қорғау мақсатында дрондардың ұшырылуы уақытша тоқтатылды.

Фото: Елорда әкімдігі

Related posts

ҚОРҚЫТ МҰРАСЫ: ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

В области Абай высажено 5 тысяч саженцев деревьев

2023 жылы қоныс аудару жобасына 200-ден астам отбасы қатысты

ttjk