Елордада заңсыз ет өңдейтін екі цех анықталды

Астанада етті өңдеу рұқсат құжаттарынсыз және антисанитарлық жағдайларда жүргізіліп, өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан екі кәсіпорын анықталды.

Кәсіпкер астыртын мал сою цехы үшін нысанды жалға алғаны белгілі болды. Онда алты адам заңсыз жұмыс істеп, күнделікті ақшалай төлем алып отырған. Қолданылатын шикізат ретінде құжатсыз сатып алынған күмәнді ет пайдаланылып келген. Ал дайын өнім Қазақстан өңірлеріне таратылған.

Астана ПД-інің мәліметінше, құқық қорғаушылар Астананың бір ауданында жергілікті тұрғынның өз үйінің ауласында етті заңсыз сатумен айналысқан екінші оқиғаны да атап өтті. Өнімнің ешқандай құжаты, ветеринарлық мөрі болмаған.

«Қазіргі уақытта тәркіленген еттің сапасын тексеру үшін сараптама тағайындалды. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқықбұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған. Астана Полиция департаменті ет өнімдері ветеринарлық бақылаусыз адам денсаулығына қауіпті болуы мүмкін екенін ескертеді», делінген полиция хабарламасында.

Related posts

The global healthcare sector will meet in İstanbul at the ICCA AC Forum

ttjk

Түркиядағы босқындар еліне қайтып жатыр

editor

Алматыда Түрік асханасының апталығы басталды

ttjk