Екібастұзда мұз ойылып, суға кеткен балықшылар құтқарылды

Екібастұз қаласындағы су қоймасында Mitsubishi Delica автокөлігі мұз ойылып, суға батып кеткен. Көлікпен балық аулауға шыққан төрт азаматтың өміріне қауіп төніпті.
Оқиға орнына бірінші болып жеткен учаскелік полиция инспекторы Архар Оспанов бірден құтқару жұмыстарына кірісіп, жедел-тергеу тобы мен төтенше жағдайлар қызметіне хабар беріпті. Құзырлы орган қызметкерлерінің жедел қимылдауының арқасында төрт адам аман қалды.
– Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде төрт ер адам да құтқарылып, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Құтқару кезінде олар қатты тоңған. Суға түскен киімдері мұз болып қатып қалғандықтан, бірден көлікке отыра алмады. Шалбарларын қайшымен кесуге тура келді. Балықшылардың ешқайсысы жарақат алған жоқ, барлығы үсіп қалу белгілерімен ауруханаға жеткізілді, – деді Екібастұз қалалық полиция басқармасының бастығы Төлеген Құдайбергенов.
Сурет: www.egemen.kz

Related posts

Турция, с высокими стандартами безопасности готова к лету 2021 года

ttjk

Екі өңірдің оқушылары қашықтан оқиды

editor

В Семее прошел областной форум «Область Абай – территория без лудомании»