«Эфирден алшақтасам – тұншығамын»

  1. Үйіндегі 14 баланың кенжесі, «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының екі мәрте лауреаты, «Алтын Жұлдыз» сыйлығының иегері, ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақ Ұлттық Өнер академиясының кұрметті профессоры, Ақсу ауданының «Құрметті Азаматы»- Нұртілеу Иманғалиұлы Иманғалиев 17 ақпан күні өмірден өтті. Қазақ журналистиксына орасан еңбегін сіңірген үлгі тұлғаның орны ойсырап қалғандай. «Эфирден алшақтасам – тұншығамын», дейтін ағамыз осы салаға 45 жылын арнады. Ол кісінің «Бай, қуатты болайық» деген тілегімен аяқталатын бағдарламасын жұрт сүйсініп көретін. Марқұмның өз мамандығына деген адалдығы сонша, өмірінің соңғы сәтіне дейін эфирден түскен емес.
    Миллиондаған көрерменді баурай білген қаламы қарымды журналисттің өмірден кеткені, дүйім жұрттың қабырғасын қайыстырды. Марқұм 45 жылында «Құрдастар», «Айна», «Бетпе-бет» секілді бірқатар авторлық бағдарламарын қалың көрерменге ұсында. Халқы Нұртілеуді «Қазақ журналистикасының корифейі» атаса, достары «Телевизияның тұлпары» деп кеткен.
    Көптеген әріптестерінің пікірнше:Иманғалиұлы Нұртілеу жан-жақты әрі шыншыл адам еді.Қарапайым тілшіліктен басшылыққа дейін көтерілген ол, өмірінің басым бөлігін мамандығына арнаған деп күрсіне еске алуда.
    Осындай еліміздің жарық жұлдызынан алар үлгі-өнеге көп. Болашақ журналисттердің немесе жас буынның дәл осы ағамыз секілді болса, қазақ журналистикасы да өшпейді.

Сулейменова Дильназ, Халықаралық Ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ) 1-курс студенті

Related posts

ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің кезекті отырысы

ttjk

КОНЬЯДАҒЫ МӘУЛАНА МУЗЕЙІ

ttjk

ÇATALHÖYÜK INTRODUCES STATE-OF-THE-ART VISITOR CENTRE

Назия Жоямергенқызы