Деметрио Колачидің шеберлік сабағы өтті

 Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Миландағы Джузеппе Верди музыкалық консерваториясының академиялық вокал кафедрасының профессоры, баритон Деметрио Колачи «Бельканто техникасы және опера партияларын интерпретациялау» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

Маэстро Деметрио Колачи — әлемнің жетекші сахналарында өнер көрсеткен, оқытушылық қызметпен айналысқан танымал орындаушы және педагог. Оның шеберлік сабақтары әлемнің түкпір-түкпірінен келген музыкалық оқу орындарының студенттері арасында зор сұранысқа ие, өйткені профессор тек техникалық дағдыларды ғана емес, музыкалық интерпретацияны терең түсінуді де үйретеді.

Шеберлік сабағы академиялық вокалдың қыр-сырын және әйгілі опералардағы басты партияларды орындаудың ерекшеліктерін талқылауға арналды. Аталмыш іс-шара консерваторияның вокалдық өнер кафедрасының студенттері мен магистранттарына және оқытушыларына вокалдық техника мен орындаушылық шеберліктерін шыңдауға арналған. Қатысушылар дауыспен жұмыс істеу, тыныс алуды дұрыс қою және ән айту техникасының ерекшеліктерін әлемдік деңгейдегі маманмен бірге жұмыс жасау арқылы машықтанды.

Кездесу маэстроның Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясымен табысты ынтымақтастығының жалғасы. Бұл былтыр мамыр айында вокалдық өнер кафедрасының студенттерімен өткізілген екі күндік интенсивті сабақтардан басталған болатын.

Related posts

Түркиядағы бір миллионнан астам қонақүй төсегі әлемдік стандарттар бойынша сертификацияланды

Назия Жоямергенқызы

Алачаты: где бьется сердце серфинга

Кайманға құйылған қаржы немесе Қазақстан қай елдерге инвестиция салып жатыр?

ttjk