Декларацияны тапсырмағандар айыппұлдан құтылып кете ме?

Азаматтар декларацияны белгіленген мерзімде тапсырмаса, онда нөл көрсеткішпен ұсынылды деп саналуы мүмкін. Мұндай өзгеріс жаңа Салық кодексінде көзделіп отыр.

Бүгін Сенатта өткен салық саясатының және салықтық әкімшілендіруді жетілдірудің өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысында Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов жаңа Салық кодексіне енгізіліп жатқан жаңашылдықтың бірін мәлім етті. Оның айтуынша, бұл салық есептілігін ұсынбағаны үшін айыппұл салудан бас тарту.

«Егер салық төлеуші декларация ұсынбаса, онда ол нөл көрсеткішпен тапсырылды деп саналады. Салық төлеушіде салық есептілігінің қосымша нысанын ұсыну құқығы қалады. Соған орай есептілікті дер уақытында ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілік жойылады. Яғни бизнес үшін жазалау шарасы қысқартылады», деді комитет төрағасының орыбасары. Сонымен қатар ол бұл мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерін декларация ұсынбаған азаматтар тізімін түзу, оларға хабарлама жіберу және әкімшілік хаттама толтыру сынды артық жұмыстан босатады.

 

Related posts

Әкімдік қызметкерлерінің заңсыз әрекеті анықталды

editor

ЖАС ЖУРНАЛИСТЕР БАЙҚАУЫ-2020

ttjk

Алматының тау бөктерінде үш бірдей заңсыз нысан сүрілді

Назия Жоямергенқызы