Дәрігерлер өлім аузындағы баланы таксиге мінгізіп жіберген

Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы Бершүгір ауылының тұрғыны Арман Жұбанышев өлім аузында жатқан жеті айлық сәбиін емдей алмаған дәрігерлерді жазаға тартқысы келеді. Өкінішке қарай, салғырттықтың салдарынан жеті айлық ұл бала көз жұмған.

Әкесінің айтуынша, баланың тоқ ішегіне ота жасағаннан кейін дене қызуы түспей, бала қатты ауырған. Алайда жергілікті дәрігерлер баланы санавиация арқылы тасымалдамай, облыс орталығындағы дәрігерлерге көрсету үшін анасы екеуін таксиге мінгізіп жіберген.

«Ауырып жатқан балама бір ғана дәрі берген. Бала оянса да қан кетіп, кіші дәреті жүрмей қалған. Менің балам жерде жатыр, олар орнында отыр. Шалқар қаласының бас дәрігері мен Ембі қаласының бас дәрігері балама көмек көрсетпегені үшін жазаға тартылсын» дейді шарасыз қалған әке.

Ал Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Әлия Шарбақова аудандық аурухана мен Ембі ауруханасының бас дәрігерлеріне шара қолданылатыны туралы пікір білдірген.

Нәресте шала туылған және бірнеше патологиялық ақаулармен дүниеге келген.

Related posts

Астана күніне орай заманауи емхана ашылады

Назия Жоямергенқызы

Астанада арнайы модульдің көмегімен онкологияны уақытылы анықтауға болады

ttjk

Қызылша қаупі: Астананың бас санитарлық дәрігері вакцинация туралы айтты

Назия Жоямергенқызы