COVID-19: КҮРЕС ТОҚТАМАЙДЫ

Дүниежүзін алаңдатқан короновирус дерті биылғы жылдың соңында аяқталуы мүмкін.
Бұл дерекпен Сингапур технология және дизайн университетінің ғалымдары бөлісті.
Зерттеу вирустың математикалық моделіне қарап жүргізілді. Ғалымдардың болжауынша кей елдерде короновирус ертерек аяқталуы мүмкін. Болжам бойынша Ұлыбританияда тамызда, АҚШ-та қыркүйек айында аяқталады. Зерттеудің шешімі карантин режимін жеңілдетпейді. Ғалымдар вирустан сақтанудың ережелерін ұстана беру керектін ескертеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми мәліметтеріне сүйенсек, коронавирус індетін бүкіл әлем бойынша 5 миллионнан астам адам жұқтырған. Олардың 333 мыңнан астамы қайтыс болып, 2 миллионға жуық адам жазылып шықты. Қазақстанға келсек, 24 мамырдағы деректер бойынша, 8322 вирус жұқтырып, 35-і қаза тапқан. Ал жазылғандар саны — 4352.

Айзада Серикова

Related posts

Жедел жәрдем қызметінің қағидалары өзгермек

editor

В Казахстан прибыли лекарственные средства от COVID-19

ttjk

Қазақстанда жыл сайын 600-ге жуық бала қатерлі ісікпен ауырады

ttjk