COVID-19: дәрігерлік кеңестер

СOVID-19: Пандемия кезінде ТШО компаниясының Атырау және Маңғыстау облыстарындағы денсаулық сақтау саласындағы екі жобасының жұмысы қалай өзгерді?

Карантин коронавируспен күрес және елдегі қазіргі ахуал дәрігерлердің қайта икемделуіне, үздіксіз білім алуына және виртуалды режимге өтуіне ықпал етті. Бұл жағдай «Теңізшевройл» компаниясы қаржыландыратын Қазақстанның отбасылық дәрігерлер қауымдастығының (ҚОДҚ) Атырау және Маңғыстау облыстарындағы жобаларына әсер етпей қоймады.

 

Осы жобалардың мақсаты алғашқы медициналық-санитарлық көмекті нығайту және дамыту арқылы медициналық көмектің сапасын жақсарту, жүрек-қан тамыры мен басқа да созылмалы ауруларды ерте анықтау және емдеу арқылы ауыр асқынулар (инфаркт және инсульт) деңгейін төмендету, сонымен қатар науқастардың білімін, емделуге ұмтылысын және ауруды бақылау қабілетін жақсарту болып табылады.

Тұрғындарға онлайн режимде кеңес беру

Карантин кезінде оқытушы дәрігерлер сынамалы ұйымдарға барып, науқастарды қабылдай алмайды. Дәл осы себепке байланысты ҚОДҚ өзінің парақшасында Қазақстанның барлық тұрғындарына арналған виртуалды кеңес беру бөлімін ашқан. Күн сайын, аптасына 7 күн, сағат 9-дан кешкі 18-ге дейін ҚОДҚ мамандары барлық көмекке жүгінгендерге кеңес беріп отырады. Екі ай карантин кезінде 16 наурыз бен 16 мамыр аралығында 817 қазақстандық көмекке жүгініп, оның ішінде 562-і толық кеңес алды, яғни оларға қаралу және емделу бойынша ұсыныс берілді.
Көмекке жүгінгендердің географиясы өте кең ауқымды қамтиды: Маңғыстау және Түркістан облысының тұрғындары, Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Астана, Теміртау, Талдықорган, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Аягөз, Атырау, Құлсары, Сарыағаш, Қарағанды, Орал, Қостанай қалаларының тұрғындары кеңеске жүгінген. Кеңес алушылардың басым бөлігі ауыл тұрғындары болды. Әйелдер тарапынан кеңес алушылар көп болды, әсіресе олардың арасында денсаулығымен байланысты ауыр проблемалары бар көп балалы аналар бар. Көмекке жүгінудің негізгі себептері асқынған аурулар емес, созылмалы ахуалдар болған. Олар өздеріне, балаларына, ата-аналарына, жолдастарына, жалпы бүкіл отбасы үшін кеңес алған. 10 реттен аса жазған науқастар да болды.


Резиденттермен виртуалды жұмыс

2020 жылы наурызда Оспанов атындағы БҚМУ-дың үш резидентінен құралған соңғы топ Құлсары қаласындағы емханада ҚОДҚ оқытушысы м.ғ.к. А.А.Егембердиеваның жетекшілігімен тәжірибеден өтіп, Ақтөбеге оралды. Содан бері дәрістер онлайн режимде Telegram Messenger, Zoom және Cisco бағдарламалары арқылы өтіп жатыр. Мысал үшін, 14-15 мамырда ҚОДҚ оқытушылары Дүниежүзілік отбасылық дәрігер күніне арналған студенттік конференцияда баяндама жасады.

Facebook және Instagram-ның ҚОДҚ парақшаларындағы тұрғындарға арналған бейне баяндар мен жазбалар

 

Карантин кезінде Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларда ақпараттандыру жұмысы күрт артты. Әртүрлі өзекті клиникалық проблемаларды қозғаудан бөлек, коронавирус инвекциясы бойынша соңғы деректер тұрақты түрде жарияланып тұрды. Мәселен, 22 сәуір мен 19 мамыр аралығында жазбаларды 600 мыңнан аса қолданушы көрсе, 6 мыңнан астамы оған үн қатты.
Осылайша, Facebook және Instagram парақшаларында жазбалар саны көбейгенімен қатар, қолданушылар / оқырмандар саны карантинге дейінгі көрсеткіштен артты.
Instagram желісіндегі «Зертте» парақшасында Атырау және Маңғыстау облыстарының балалары, ата-аналары және мұғалімдеріне арналған белсенді жұмыс жалғасын табуда.
ҚОДҚ парақшасында Қазақстанның дәрігерлерін KAFPConnect бойынша оқыту

Карантин кезінде KAFPConnect (Канзас отбасылық дәрігерлер қауымдастығы) дәрігерлерімен жұмыс жанданды. ҚОДҚ қызметкерлері отбасылық медицина бойынша Американдық кеңестің емтихандары (ABFMExamPrep) үшін клиникалық тапсырмаларды аударып, бейімдеуде. Telegram Quiz функциясын қолдану арқылы дәрігерлердің білімін ерікті түрде сынау және жауап нұсқаларын талқылау өткізіліп жатыр.
Орталық Азияға арналған Adamdar/CA (Адамдар) бұқаралық жобасымен бірге «COVID-19: дәрігерлердің сөзі» атты қарапайым виртуалды кітапша әзірленді.
Дәрігерлер үшін бейне баяндарды, жазбаларды және мәтіндерді әзірлеп, оларды ағылшын тілінен орыс және қазақ тілдеріне аударуға көп уақыт жұмсап, қыруар жұмыс талап ететінін атап өткен жөн. Бір бейне баянды жазу үшін өзіміз көптеген вебинарларда оқытудан өтіп, алдыңғы қатарлы медициналық журналдардағы ғылыми мақалаларды оқып, дәрігерлер әрі тұрғындар үшін аударып, бейімдеуіміз қажет. Бұл ретте барлық қызметкерлер дәлелді медицинаның қағидаларын қолданып, әрқашан ғылыми негізделген фактілерді келтіреді және жалған сенімдермен күресіп, байбаламға жол бермеуге септігін тигізеді.
Осылайша, пандемия және онымен байланысты карантин ТШО қолдауымен жүзеге асып жатқан ҚОДҚ-ның екі әлеуметтік жобасын орындауға үлкен әсерін тигізді. ҚОДҚ-ның аудандарға барып, медициналық қызметкерлерге, тұрғындарға және балаларға тікелей көмек беретін мүмкіндігі жоқ. Дегенмен әлеуметтік желілердің жақсы дамуы және Қазақстандағы интернеттің ең алыстағы қолданушыларға қол жетімді болуы, ҚОДҚ-ның етек-жеңін түріп, жұмыс сипатын өзгертуіне түрткі болды. Сонымен қатар ол Атырау және Маңғыстау облыстарының тұрғындарымен өзара жұмыс жүргізудің жаңа белестерін ашып, еліміздің барлық тұрғындарын қамтитын географиясын кеңейтіп, оларға қолдау көрсетуге себеп болды.
Нұғманова Д.С., Игілікова Д.Н.

Related posts

11 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында білім алды

ttjk

II СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САММИТІ — БҰРСА

ttjk

ҚАЗАҚСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚЫМБАТТАДЫ

ttjk