Былтыр 40 647 ажырасу дерегі тіркелген

Ұлттық статистика бюросы еліміздің былтырғы демографиялық ахуалы туралы нақтыланған мәліметтерді ұсынды. 

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сүйенсек, елдегі халық саны 20 286 084 адам болды. Соның ішінде қала тұрғындары — 12 774 743, ауыл тұрғындары — 7 511 341 адам. Халықтың саны бір жылда 252 242 адамға өсті, оның ішінде табиғи өсім есебінен 235 078 адамға, көші-қон есебінен — 17 164 адамға артқан.

12 ай ішінде 368 670 сәби дүниеге келген, оның ішінде ұлдар — 190 213, қыздар — 178 457. Туудың ең жоғары деңгейі: Түркістан облысы (1000 тұрғынға 25,05 адам), Маңғыстау облысы (24,47), Шымкентте (23,68) байқалды. Осы уақыт ішінде 133 592 адам қайтыс болған. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,57), Шығыс Қазақстан (11,29) және Қостанай (10,18) облыстарында байқалды, бұл осы аймақтардағы халықтың жас құрылымына байланысты. Сондай-ақ, былтыр 123 651 неке және 40 647 ажырасу тіркелген.

Related posts

ҚЫЗЫЛОРДАДА ФРИ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Назия Жоямергенқызы

«Қызылорда облысында ауылшаруашылығы саласына 9,4 млрд. теңге инвестиция құйылды»

ttjk

ҚАЗАҚСТАНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШЕТЕЛДІК БАСПАСӨЗ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҚҰРЫЛДЫ

ttjk