Солтүстік Қазақстан облысында іске қосылған кәсіпорын былтыр 300 тоннадан астам жоғары протеинді жемдік қоспа өндірген.
«СК Протеин» ЖШС – М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті және «Ғылым қоры» АҚ-ның ортақ жобасы. СҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, ынтымақтастық аясында компания жоғары протеинді жемдік қоспа өндірісін жолға қою үшін 350 млн теңге көлемінде грант алған.
Жоба кәсіпорын жылына 5,4 мың тонна ірі қара мал және жылқы терісін қайта өңдеп, 2,4 мың тоннаға дейін дайын өнім шығаруды көздейді. Былтыр 11 айда 675 тонна тері өңделіп, 300 тонна протеин өндірілді. «ProtSAN» деп аталған жергілікті өнім ақуызға бай болып саналады. Мал терісінен жасалған жемдік қоспа ұнтақ және түйіршік түрінде шығарылады. Протеинді ауыл шаруашылығы жануарларының, құстың, балықтың рационына қосуға болады. Өнім «Алматы технологиялық университеті» АҚ зерттеліп, оның құрамында ГМО жоқ екендігін анықталған.