Мен еліміздің болашағын қалай көремін және ол үшін не істей аламын?
Мен еліміздің болашағын жаңа технологияға бай екенін көре алатыныма сенімдімін. Оның дәлелі 2019 жылы «Жастар жылы». Болашақ жастардың қолында демекші, ұшқыр ойларымен жаңаша екпін алып келе жатыр. Әрине, әр қазақ өзінің туған жерінің көркейгенін қалайды, және сол үшін жұмыстанады.
ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бұйырған бақыт деп ойлаймын. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін ақтық демі қалғанша күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды. елім деп, ақ найзаның ұшымен, ар-намыстың күшімен ел қорғаған батыр бабалар, алдына келген тура сөздің тігісін жатқызып, оймақтай аузымен ой саларлық құндылықтар айтқан би-шешендер, бертін келе, қанын төксе де арын төкпеген ақтаңдақтар, ұрпағын ұлықтаған ұлт-қайраткерлері, бостандық деп шырылдаған боздақтардың негізгі мақсаты ел тыныштығы мен тұрақтылығы еді.
Бүгінгі жас ұрпақ – болашақ заман адамы. Қазіргі таңда, жастар мәселесі ауқымды да тартымды ірі шаралардың бірі. Жаңа заман балаларына қолайлы орта қалыптастырылып, тиімді тіршілік көру барысында жан-жақты жағдайлар қарастырылған. Мұның бәрі, болашақ қамы, ертеңгі күннің таным-тіршілігі.
Ал осы кезекте мен елім үшін не істей аламын. Халқыма пайдалы ақпараттармен бөлісетін журналист болғым келеді. Осы салада қолымнан келгенше жұмыс жасап, журналистика саласының жаңа қырларын ашу менің мақсатым. Қазіргі кезде айқай, шумен өтетін бағдарламалар көбейіп келе жатыр. Қарайтын көрермен болса оларды жою мүмкін емес. Ал осы сәтте халыққа қызығы өсек, бос сөз. Ал мен бұл салаға жаңа серпін алып келетініме сенімдімін. Жас, бала тіпті кәріге де қызықты, ой өрісін кеңейтетін бағдарлама жасау мақсатым. Бірақ қызықсыз қылып емес, ішіне креатив қосып, көрермен тартқым келеді. Тағы да ойлап жүрген бағдарламам шет елдің дәстүрлері мен мерекелері жайлы қызықты ақпараттармен бөлісу. Әрине бұндай бағдарлама бар, бірақ мен қазақ тілінде шығаратын боламын. Жалпы менің қызығушылығымда түрлі елдерге саяхаттап, сол жердің ұстанымдарымен танысу. Бұл қызығушылығымды көрерменмен бөліскім келеді. Қазақстандық азаматтардың ойлау қабілеттері тек осы ортада ғана емес, кең болғанын қалаймын. Егерде ойлау қабілетіміз жоғары болса, шет елдерден жылдар бойы бұлай қалып қоймайтын едік.
Дамыған 30 елдің қатарына ену біздің мақсатымыз және сол үшін болашақ жастар жұмыс жасауда. Еліміздің болашағы біздің қолымызда.
АБДОЛОВА Айдана
Атырау қаласы
Нұрғиса Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы
Алдыңғы жазба
Келесі жазба