Болашақтың смарт сарқырамасы

Түркістан облысы Келес ауданындағы Әлия Молдағұлова атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Әділбек Думан ақылды үйлерге арналған smart сарқыраманың моделін құрастырды.

Жас өнертапқыштың тапқан туындының ерекшелігі – адамдарға бос уақытында судың дыбысынан, табиғаттың көрінісінен, салқын ауада психологиялық тұрғыда демалуына жағдай жасау. Оқушының ғылыми жетекшісі Шамсияат Алтаеваның айтуынша, адам – табиғаттың ажырамас бөлігі. Табиғат ғылымдарын терең меңгергенде ғана біз өзіміздің айналамызды толық зерттеп білеміз. Жалпы ғылымда «дыбыс толқындары» деген ұғым бар. Судың дыбысы егер шамадан тыс аспаса, адам денсаулығына пайдасы бар екендігі медицинада дәлелденген. «Сондықтан шәкіртім Думанның, үйлерге сарқырама қою идеясы қай тұрғыдан алып қарасақ та тиімді әрі пайдалы болмақ» дейді ұстазы.

Мектеп мұғалімінің сөзінше, Думан бала кезінен ізденімпаз, талапшыл. Жас ғалым жақында ғана өткен «Зерде» оқушылардың ғылыми жобалар байқауының аудандық кезеңінде жеңімпаз атанған.

Related posts

Шетелден әкелген көлікті заңдастыруға 4 құжат қажет. Қандай?

ttjk

Take Off Girişim Zirvesi başlayacak

Назия Жоямергенқызы

ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ШАРА