Биыл «Семей – Қарауыл» жолының 20 шақырымы жөнделді

Абай ауданында инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Мейіржан Смағұлов мәлімдеді.

Аудан әкімінің айтуынша, аудандағы автожолдардың жалпы ұзындығы 402,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 70 км, облыстық маңызы бар жолдар – 247,6 км, аудандық маңызы бар жолдар – 85 км.

— Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Қарауыл ауылында Әуезов көшесінің 1,5 км және Шәкәрім көшесінің 1,1 км бөлігіне орташа жөндеу жүргізіліп, жаяу жүргіншілер жолдары салынды. Бұл жұмыстарды «Дерикар» ЖШС-і толық аяқтады. Сондай-ақ Тоқтамыс ауылындағы Абай көшесінің 750 метрлік бөлігіне ағымдағы жөндеу жасалды. Өткен жылы басталған Тоқтамыс пен Архат ауылдарына апаратын жолдарды орташа жөндеу биыл да жалғасуда. Мұнымен қоса, облыстық маңызы бар «Аягөз — Қарауыл — Семей — Қайнар» бағытындағы автожолдың 15 шақырымына орташа жөндеу жүргізіліп жатыр. Ал «Семей – Қарауыл» жолының 20 шақырымы толық жөнделіп, пайдалануға берілді, – деді аудан әкімі.

Сонымен қатар, әлеуметтік инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды нысандардың құрылысы да жалғасып жатыр.

— Мәселен, Көкбай, Саржал ауылында спорт модулінің құрылысы қолға алынды, нысанды 2026 жылы пайдалануға беру көзделуде. Бұған қоса, Кеңгірбай би ауылында балалар лагері салынуда, – деп қорытындылады Мейіржан Смағұлов.

Related posts

ТҮРІК ДАСТАРҚАНЫНАН ДӘМ ТАТЫҢЫЗ

Назия Жоямергенқызы

«2 млн адамды ұйқысынан айыруда». Несие нарығын шұғыл реттеу керек — сарапшы

editor

FlyArystan: Таразға арзан билет бар

Назия Жоямергенқызы