Бітімгершілік базасына шабуыл жасалды

Израиль әскері Ливандағы бітімгершілік базасының негізгі қақпанына танкпен басып кіріп, 15 сарбаз жараланған. Еліміздің Қорғаныс министрлігі қазақстандық бітімгерлердің жағдайына қатысты пікір білдірді.

Министрлік қазір қазақстандық бітімгерлер — үш штабтық офицер штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын атап өтті. Жағдайдың шиеленісуі олар қызмет ететін орыннан алыста екені айтылды.

«Жағдай шиеленіскен жағдайда қазақстандық әскери қызметшілерді эвакуациялау мәселесі БҰҰ хатшылығы және миссия басшылығымен бірлесіп қабылданады. Қорғаныс министрлігі олармен үнемі байланыста»,  деді ведомствоның ресми өкілі Руслан Жангулин.

 

Related posts

Қатар әскерилеріне Қазақстан полигондарын пайдалануға рұқсат етіледі

editor

Келер жылы әскер қатарына 41 706 азамат шақырылады

editor

Жараланған сарбаз көз жұмды

editor