Бишімбаевтан 16 млн теңге өндіріп алынды

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша жәбірленуші тарапқа материалдық және моральдық шығынды өтейді.

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында Айтбек Амангелдінің жауапкер Қуандық Бишімбаевтан материалдық шығын мен моральдық зиянды өндіру туралы талабымен іс қаралды.

«Ағасы қайғылы оқиға салдарынан моральдық азап шеккенін, денсаулығы нашарлағанын және қайғылы оқиғаға байланысты еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанын көрсеткен. Марқұмның ата-анасы талап қоюшының пайдасына өндіруден бас тартқан. Талап қоюда қылмыстық іс аясында заң қызметтеріне төлеуге кеткен шығындар да талап етілді. Сот жақын туысының қайтыс болуы талап қоюшының моральдық жағдайына кері әсерін тигізіп, оның жеке мүліктік емес құқықтарын бұзғанын ескере отырып, талапты ішінара қанағаттандырды», – деп жазылған хабарламада.

Жауапкерден қылмыстық іс бойынша келтірілген 6 877 672 теңге материалдық шығын мен 10 миллион теңге моральдық зиян өндірілді. Алайда сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Related posts

Көші-қонда қозғалыс көп

editor

Встречайте восход солнца среди монументальных скульптур на горе Немрут

ttjk

Афион — музейге бай қала

ttjk