Елімізде ресми түрде донор болуға заңды түрде рұқсат болғанымен, ағзаны ақша үшін саудалау заңмен қудаланады. Алайды елімізде ағзасын сататындар әлі де бар. Азаттық рухы сайтының жазуынша, республика аумағында адам ағзалары мен тiндерiн алуға мәжбүрлеу немесе заңсыз алу бойынша (ҚК-нің 116-бабы) былтыр 22 қылмыстық іс тіркелген.
Соның ішінде 2 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылса, қалған істер соттың қарауында жатыр. «Мұндай қылмыс түрлеріне ҚР ҚК-нің 116-бабы бойынша ең жоғарғы жаза ретінде мүлкін тәркілеу, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қарастырылған», — деп жауап берген редакция Ішкі істер министрлігі.
Адам ағзаларын саудалауды анықтау және оның алдын алу үшін республика көлемінде жедел профилактикалық және жедел іздестіру іс шаралары өтіп тұрады. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерге мониторинг жасау, ақпарат жинау және тағы басқа іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы да осындай қылмыстар анықталып жатады екен.