БІР КҮНДЕ — 8 МЕКТЕП, 1 БАЛАБАҚША

Қызылорда облыстық баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Қызылорда қаласында 8 мектеп пен 1 балабақша ашылған. Биыл жыл бойына барлығы 19 мектеп пен 4 балабақша пайдалануға беріледі. Бұл өзінше РЕКОРД деп ойлаймын. Білім саласы нысандарының құрылысына биыл 6,5 млрд. теңге бөлініп, игерілді. ҚҰТТЫ болсын! Нысандардың ашылу салтанатына ҚР Білім министрі Аслан Сәрінжіпов қатысқан.
Р/S: Кейбір облыстарда бір жылда 2,3 қана мектеп ашылады.

қызылорда метепт

Бір күнде Сыр өңірінің 5 бірдей ауданы мен Қызылорда қаласында 8 білім ордасы мен 1 балабақша пайдалануға берілді. Тағы үш мектеп қыркүйек айына дейін ашылады деп жоспарлануда. Білім нысандарының ашылу салтанатына ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов және облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.

қызылорда мектептег
Арал ауданының Жіңішкеқұм, Қосаман және Жаңақұрылыс ауылдарында бірдей үш мектеп ашылса, тағы бір мектеп пен балабақшаны қыркүйек айына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Қазалының Аранды, Сарыбұлақ елдімекендерінде 100 орындық 2 білім ұясы іске қосылды. Ал Қармақшы ауданына қарасты Ақай ауылында 280 балаға арналған балабақша пайдалануға берілді.

қызылорда балабақша

Тағы 600 орындық мектептің құрылысы да бітуге жақын. Дәл осындай жаңалықтан Сырдария ауданы да құралақан емес. Шаған ауылында бұл күні 900 орындық білім ошағы есігін айқара ашса, жаңа оқу жылына дейін Шіркейлі ауылында да 600 орындық білім ұясы ел игілігіне беріледі. Шиелі ауданы Бала би ауылының оқушылары да 900 орындық мектептің ашылуына куә болды.

қызылорда мектеп
Сондай-ақ, Қызылорда қаласындағы оқушылар үшін 900 келушіге арналған мектеп пайдалануға берілді. Дәл осындай тағы бір 900 орындық білім ұясы қыркүйек айында «Ипподром» мөлтек ауданында ашылады. Заманауи үлгіде салынған бұл мектептердің барлығында оқушылардың сапалы білім алуларына толық жағдай жасалған. Сонымен қатар, биыл өңірдегі мектептер жылдағыдай қыркүйекте емес, қазірдің өзінде 100 пайыз оқулықпен қамтылып отыр.
Алдағы оқу жылында 5 мыңнан астам бала алғаш рет жаңа мектеп табалдырығын аттамақ. Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев оқушыларға жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, компьютермен жабдықталған кабинет және Елбасының атынан 1-сынып оқушыларына кітаптар табыстады.
— Биылдың өзінде Қызылорда облысында 22 білім нысанын салуға 6,5 млрд. теңге бөлінді. Жыл соңына дейін 19 мектеп пен 4 балабақша пайдалануға беріледі. Осылайша Елбасының бізге жүктеген үш тапсырмасы толық орындалуда. Біріншіден, үш ауысымдық мектептер мәселесі шешілді. Енді Қызылорда облысында үш ауысыммен оқитын мектеп мүлдем жоқ. Екіншіден, апаттық жағдайдағы мектептерді 2016 жылға дейін толық жаңалаймыз. 2013 жылы Қызылордада 25 апаттық мектеп болған болса, оның 14-і қайта салынып, қалған 11 білім ошағын келесі жылдың соңында бітіруді жоспарлап отырмыз. Үшіншіден, Елбасы 2020 жылға дейін «Балапан» бағдарламасын толық жүзеге асыруды тапсырған болатын. Ал біз жыл соңына дейін балаларды 100 пайыз балабақшамен қамтып, бағдарламаны бекітілген уақытынан бұрын аяқтаймыз, — деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

қызылорда
Балалардың қуанышына ортақтаса келген еліміздің бас педагогі Аслан Сәрінжіпов бір күнде білім саласының 8 нысанының ашылуы әлі ешқандай өңірде болмағанын жеткізді.
— Елбасы жыл сайын республикада 100 мектеп салуды тапсырған болатын. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруда Қызылорда облысы көш бастап келеді. Еліміздегі аймақтар арасында білім саласына үлкен мән беріп, білім ошақтарын ашуда да алдыңғы орында. Осындай білім саласына көрсетілген қамқорлықтың арқасында биыл Сыр өңірінің түлектері Ұлттық біріңғай тестілеудің қорытындысы бойынша алдағы бесінші орынға шықты, — деді А.Сәрінжіпов.
Расымен, бұл үлкен жетістік. Соңғы 2 жылда Қызылорда облысы республика бойынша әлеуметтік салаға көп қаржы бөлетін аймақтардың көшін бастап келеді. Бұл жұмыстардың нәтижесі де жоқ емес. Биылғы оқу жылында ҰБТ қорытындысы бойынша Сыр өңірі 13-орыннан алдыңғы бестікке көтерілді. Мыңдаған қызылордалық жас түлек облыс әкімі гранттарын иеленді. Сондай-ақ, Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы келісімге сәйкес 321 түлек Мәскеу және Санкт-Петербургтың маңдайалды жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік алып отыр. Бұдан бөлек, жоғары және арнайы оқу орындарына бөлінетін «Серпін» бағдарламасымен де қызылордалық жастар тегін оқуға жолдама алды. Айта кету керек, талай жылдан бері талқыға түсіп келген Байқоңырдағы мектептердің проблемасы биыл оң шешімін тапқан болатын. Енді оларға қазақстандық білім стандартына сай оқулықтар жеткізілуде.

қызылорда мектепте
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуда да оң өзгерістер бар. Қызылордада «Балапан» бағдарламасы сәтті жүзеге асуда. Қазір облыс көлемінде 355 балабақша жұмыс жасап тұр. Бұл нысандар мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында салынған. Жыл соңына дейін тағы 61 жекеменшік балабақша пайдалануға беріледі.

қызылорда министр

Related posts

Астанинский хаб госслужбы провел панельную сессию по оценке эффективности деятельности в госсекторе в г. Баку

ҚОС ТЕҢІЗДІҢ ТОҒЫСҚАН ТҰСЫНДАҒЫ МУҒЛА

ttjk

Ұландықтар құқықтың тәртіп әскерінің ардагерін құттықтады

editor