БІЛІМДІ ЖАСТАР – ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ

Біз, балалар мен жасөсіпірімдер, өз Туған жеріміздің, еліміздің, әрине, болашағымыз. Сондықтан Отанымызды қорғау – біздің міндетіміз. Ол үшін барлық жастар білімді болуы керек. Қазақта бір мақал бар: «Еріншектің ертеңі бітпес».
Қазақстанда кейбір балалар еріншек. Олар «үй тапсырмасын ертең орындаймын», – деп жалқауланады. Бірақ балалардың көбісі: «Еліме, жеріме өскенде көмек беремін, елімнің патриоты боламын», – деп сабағын жақсы оқып, кішкентай кезінен ұқыптылыққа үйренеді.
Егер барлық бала білімді болса, ҚАЗАҚ деген ұлтымыз күшті болады, атымыз жоғалып кетпейді.
Едіге Әкімұлы, М.Мақатаев атындағы №140 гимназияның 6 «Д» сынып оқушысы

Related posts

ARTBAT FEST 8

ttjk

Özbekistan 17 yıl sonra tekrar Türk Konseyi Zirvesinde

ttjk

ATU: ЖАҢА БРЕНД – ЖАҢА БЕЛЕС

Назия Жоямергенқызы