Бидай тиелген жүк көлігі аударылды

Қостанай облысындағы М-36 Екатеринбург-Алматы автожолының 535-ші шақырымында, Арман ауылының маңында жол-көлік оқиғасы болды.

31 жастағы МАЗ маркалы жүк көлігінің жүргізушісі, шамамен 30 тонна бидай тасымалдап келе жатып жүк көлігін аударып алған. Жүргізуші көлікте жалғыз болған және жол апатынан зардап шекпеген. Айтуынша, ол рөлге ие бола алмай қалған.

«Құжаттарды тексеру барысында полиция көліктің облыстағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің біріне тиесілі екенін анықтады. Жүк көлігін жолдан көтеру үшін кран қолданылды. Қазір құқық қорғау органдары процессуалдық шешім қабылдау үшін материал жинап жатыр», — делінген хабарламада.

Related posts

Богатая сырная культура Турции очаровывает посетителей

Назия Жоямергенқызы

Бұрын-соңды журналистердің табаны тиіп көрмеген биіктік!

ttjk

Discover Pamukkale’s Timeless SPA and Healing Traditions

ttjk