Мазмұнға өту

Бекшин: Шет елдерге шығуды тоқтата тұру керек

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны күрт артқан. Үкімет елге шекара сыртынан келетін шет ел азаматтарымен бірге Қазақстан азаматтарына да арнайы тест тапсыруды міндеттеді. 8 қазанда ауру жұқтырған 33 адамды ұшақтан түсірген. Ал қолдарында анықтамасы жоқ 5 мыңнан астам адамды тексеруден өткізіп, ауырмайтындарын ғана үйлеріне жіберген.

Алматының Бас санитары Жандарбек Бекшин отандастарды шет елдерге шығудан уақытша бас тартуды өтінді: «Әлемде жағдайдың ушығып кеткенін көріп отырсыздар. Біздің елде де демалуға лайықты керемет жерлер бар». Оның айтуынша, Қазақстан азаматтары Шарм-әл-Шейх (Египет), Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінен көп жұқтырып келіп жатыр. Сол себепті Бас санитар аталған үш аймаққа бармау керектігін ескертті.

 


Deprecated: Файл Тақырыпсыз comments.php с версии 3.0.0 считается устаревшим. Альтернативы не предусмотрено. Өтініш, аcomments.php тақырыбыңыздағы үлгі. in /var/www/vhosts/ttjk.info/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6260

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.