Мазмұнға өту

БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ БАЙҚАУ

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі танымал журналист Бейсен Құранбек атындағы жастар арасындағы «Жігер» сыйлығын жариялады.

Мақсаты — Бұқаралық ақпарат
құралдарында өзіндік шеберлігімен көзге түскен жазба және электронды баспасөз құралдарында жұмыс істейтін жас тілшілерді қолдау. Шығармашылық ізденістерін шыңдауға жігерлендіру. Қазақстан журналистикасының дамуына серпін беру. Көрнекті журналист Бейсен Құранбектің жарқын бейнесін есте қалдыру.

Ұйымдастыру комитеті: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі
Сыйлық 4 номинация бойынша беріледі.
— Әлеуметтік тақырыптағы үздік ТВ сюжет;
— Әлеуметтік тақырыптағы үздік мақала;
— Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал (әлеуметтік желі);
— Әлеуметтік тақырыптағы үздік фотосурет.

Байқауға телевизия, баспа, интернет журналистиканың және фотосуретшілер, жаңа медиа (әлеуметтік желілер) саланың кәсіби және кәсіби емес жас журналистері (18-35 жас аралығы) қатысып, бағын сынай алады.

Байқау үздіктерін арнайы құрылған қазылар алқасының мүшелері айқындайтын болады. Қазылар алқасының құрамына еліміздің медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан танымал медиа менеджерлер, журналистер, қоғам қайраткерлері кіреді.
«Жігер» сыйлығына өтініш 2020 жылдың 26 мамыр мен 15 маусым аралығында mdq.kz сайтында қабылданады. Сыйлыққа қатысты толық ақпаратты (қатысу ережесін) «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының ресми сайтынан (mdq.kz) ала аласыз.

Сондай-ақ, салтанатты марапаттау журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылатынын хабарлаймыз.
@aqparatqogam


Deprecated: Файл Тақырыпсыз comments.php с версии 3.0.0 считается устаревшим. Альтернативы не предусмотрено. Өтініш, аcomments.php тақырыбыңыздағы үлгі. in /var/www/vhosts/ttjk.info/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6260

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.