«Бауырына салу» фильмі Бакуде бас жүлде алды

Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген «Бауырына салу» фильмі Әзірбайжан астанасы – Бакуде марапат биігінен көрінді. Фильм «Baku International Film Festival 2024» фестивалінде бас жүлде алды.

Фестивальде қазылар алқасының төрағасы, «Алтын глобус» сыйлығының иегері Сиддик Байрам қазақстандық фильмді жоғары бағалаған.

«Бауырына салу» фильмін Орталық Азиядағы мазмұнды фильмнің бірі деп айта аламын. Мұнда ұлттық дәстүрдің көлеңкелі тұсы, бала жанының нәзік психологиясы ашып көрсетілген. Қарапайым ауылдың қоңыр тірлігін баяндайтын фильм алдағы уақытта да шыңды бағындырады деп сенеміз!», – деді ауған режиссері Сиддик Байрам.

Аталған фильмді режиссер Асхат Кучинчереков түсірген. Картина Қазақстан кинематографистер альянсы мүшелерінің дауыс беру қорытындысы бойынша «Тұлпар» ұлттық сыйлығының ең жоғары наградасына ие болды. Сондай-ақ, жақында елімізді халықаралық аренада таныстыру үшін Оскар комитетіне ұсынылды.

Related posts

31 АРНАНЫҢ БІРЕГЕЙ ЖОБАСЫ – «I AM SINGER»

ttjk

БАЛКАНСКИЙ ТЕАТРАЛЬНЫЙ ФЕСТИВАЛЬ В БУРСЕ

Алланы сүй, Алланың хикметін сез…

ttjk