БАСПАНАҒА БАСТАР ЖОЛ

2018 жылдың наурызында мемлекет басшысының бастамасымен жаңадан «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы жарияланды. Бұл бағдарламаның көмегімен төлемге қабілетті ҚР-ның әр азаматы баспаналы бола алады. Қыркүйектен бастап Halyk Bank осы бағдарламаға қатысушылардың өтінімін қабылдауды бастады. Ипотеканың шарттары барлығы үшін бірдей әрі түсінікті. Яғни, бағдарлама бойынша несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесі – 7%, бастапқы жарнасы – 20% және несие мерзімі – 25 жыл болғанымен, оны Halyk Bank арқылы алудың кем дегенде 7 артықшылығы бар. Банктің ел бойынша кең дамыған филиал желісі бар Халық банкінің бөлімшелері еліміздің ірі қалаларында, шағын елдімекендерінде, тіпті ауылдарында да орналасқан. Банктің жалпы 634 бөлімшесінен бағдарлама шарттары туралы білуге, несие ресімдеуге болады. Қарыз алушының тұрғылықты мекенжайы немесе тіркелген мекенжайына байланысты, сондай-ақ бірінші рет алғалы отырған баспанасының орналасқан орны бойынша ешқандай шектеу жоқ. Яғни, сіз ауылда тұрып, ірі қалаға көшуді армандап жүрген болсаңыз, онда іске сәт. Потенциалды қарыз алушыға қойылатын жеңіл талаптар Еңбек не/және кәсіпкерлік қызметінен соңғы 6 ай бойына үздіксіз ресми кірісі бар Қазақстан азаматы қарыз алуға үміттене алады. Аймақтар үшін оның кірісі айына 120 мың теңгеден, ал ірі қалалар үшін 200 мың теңгеден кем болмауы қажет. Бұдан бөлек, қарыз алушының банкке өтінім берген сәтінде өз баспанасы болмағаны дұрыс. Сондай-ақ, қарыз алушының жасы 21-ден кіші және ипотекалық қарызының соңғы төлемін жасайтын сәтінде 60 жастан үлкен болмауы керек. Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша өтелмеген берешегінің болмауы да тексеріледі. Қосалқы қарыз алушыны тарту мүмкіндігі Күйеуі (әйелі) не жақын туыстары қосалқы қарыз алушы бола алады. Қосалқы қарыз алушыға 7-20-25 бағдарламасының талаптары жүрмейді. Демек, қосалқы қарыз алушының пәтерінің бар-жоғы – банк шешіміне әсер етпейді. Қосалқы қарыз алушыға несие тарихының бұзылмауы, төлем қабілеттігі және басқа да қарыздары бойынша борыштарын уақытылы өтеуі сияқты кәдуілгі талаптар қойылады. Құжаттар жиынтығының аздығы Қарыз алуға өтінім беру үшін банкке тек жеке куәлігін, еңбекақысы жөніндегі, ЗТМО-ға аударымдары жөніндегі және алғалы отырған жылжымайтын мүліктің бағаланған құны жөніндегі анықтамаларын, некеге тұрғаны немесе бұзғаны жөніндегі куәлігін, құрылыс салушыға бастапқы жарна төлемін растайтын құжатын, жылжымайтын мүліктің құқын растайтын құжаттарының көшірмесін/түпнұсқасын, сатып алу-сату келісімінің пәтер қағазын/алдын ала келісімін, жеке меншігінде жылжымайтын мүлкі жоқ екені жөніндегі анықтамасын әкеледі. Бағдарлама талаптарына сай келетін баспана таңдауға көмек Бағдарламаның шарттарына сәйкес, пайдалануға берілген жаңа салынған тұрғын үйлерге ғана ипотека ресімделеді. Бірақ, салынған жылына шектеу қойылмайды. Тұрғын үйдің ең жоғарғы құны Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Шымкент қалалары үшін – 25 млн теңге, басқа аймақтар үшін – 15 млн теңге. Бағдарламаның шарттарына сай келетін жаңа тұрғын үйлер мен тұрғын үй кешендері туралы белгілі бір тізім жоқтығынан пәтер таңдау қиынға айналуы мүмкін. Сондай жағдайда Halyk Bank серіктес-құрылыс салушылардың пәтерлерін ұсына алады. Солардың қатарында Алматы қаласындағы «Өркендеу» және «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешендері бар. Тегін қызмет көрсету Halyk Bank қарыз бергені және қызмет көрсеткені үшін ешқандай комиссия алмайды. Ипотекалық несиелендірудің басқа түрлері Halyk Bank ұсынатын басқа да ипотекалық бағдарламалары бар. Онда Halyk Bank еңбекақы жобасының қатысушыларына жеңілдіктер жасалған. Мысалы, Halyk Sale бағдарламасы арқылы қарыз алушылар банк теңгеріміндегі жылжымайтын мүлікті жылдық пайыздық мөлшерлемесі 8%-бен несиеге ала алады

Related posts

«ӘЛЕУМЕТТІК ЖУРНАЛИСТИКА:БАҚ-тағы ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР»

ttjk

Түркия GSTC 2023 жаһандық тұрақты туризм конференциясын өткізеді

ttjk

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қызылорда облыстық филиалының заңды мекенжайы өзгерді