Бас есепші бюджеттен 117 миллион теңге жымқырған

Маңғыстауда Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі бюджет қаражатын жымқырған. Облыстық прокуратура бюджет қаражатының жұмсалуының заңдылығын тексеру барысында осы спорт мекемесінде жымқыру фактісін анықтады.

Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі 2018-2023 жылдар аралығында 117 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын заңсыз иемденген. Бұл дерек облыс прокуратурасымен тергеліп, нәтижесімен қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігі (салғырттық) және 189-бабы 4-бөлігімен (жымқыру) сотқа жолданған.

Сот үкімімен Ұлттық спорт түрлері орталығының басшысы өз мiндеттерiн тиісінше орындамау фактісі бойынша кінәлі деп танылып, «Тәуелсіздіктің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес қылмыстық жазадан босатылды. Ал мекеменің бас есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Related posts

«Ағаш гипостильді мешіттер»: Анадолыдағы ЮНЕСКО дүниежүзілік мұра нысандары: сәулет ғажайыптары

ttjk

Қарағанды облысында 40 адам эвакуацияланды

editor

“Rams Beyond Almaty” жобасының ерекше қонақпен өткен тұсаукесері

Назия Жоямергенқызы